ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЕРТІС ӨЗЕНІНДЕ СУ БОСАТУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

11:42, 5 мамыр 2021

Ертіс өзені жайылмасы кешенінің экожүйесін қолдау мақсатында жыл сайын су қоймаларының жоғарғы каскадынан су жіберіледі. Биыл бұл шаралар өткен аптада бастау алды.

Жыл сайын табиғатты қорғау мақсатында Ертіс су қоймаларының жоғарғы каскадынан су жіберу жүргізіледі. Алайда биыл бұл шаралар ауа райының қолайсыздығына байланысты кеш басталды. Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифингте жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сатиев  қоймалардан су жіберсек, алқаптың 80 пайызын су басуы мүмкін екенін атап өтті.

Қадылжан Сәтиев, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Су жіберудің негізгі өзегі көлемі 2000 текше м/сек астам 27 сәуірден 13 мамыр аралығында 17 тәулік ішінде жүргізілетін болады. Бұл ретте 3,5 текше м/секундына ең жоғары түгінділер 6 тәулік ішінде жоспарланды.

Мамандардың болжамы бойынша, 16 мамырда Ертіс өзенінің жайылмасын толық су басады. Бұл балықтардың уылдырық шашуына, жайылма ландшафттарындағы флора мен фаунаның биоалуантүрлілігін сақтауға оңтайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Сондай - ақ, табиғат қорғау ведомствосы жағалау маңында тұратын халыққа барлық қауіпсіздік нормалары ескерілгенін жеткізді.

Қадылжан Сәтиев, жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы:

Су жіберу толқынынан өту кезең деңгейлерін басқарма күн сайын тіркейді. Деректерді су жіберу комиссиясы штабына, облыс аппарат әкімдігіне, облыс төтенше жағдайлар департаментіне күніне төрт рет беріледі.

Аталмыш жұмыстарды аяқтау 18 мамырда жоспарланған.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
21:25, 13 мамыр 2021
БИЫЛ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА 392 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
01:34, 7 мамыр 2021
7 -МАМЫР ҚАРСАҢЫНДА ӘСКЕРИ ШЕН БЕРІЛІП, МЕДАЛЬДАР ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
01:36, 7 мамыр 2021
ЕЛБАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
20:18, 11 мамыр 2021
ҚАДІР ТҮНІ – ТІЛЕКТЕР ҚАБЫЛ БОЛАТЫН ТҮН
Толығырақ...