ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

«ERTIS» МУЗЕЙІНЕ КЕЛУШІЛЕР КӨП

11:06, 22 қаңтар 2020

Ашылғанына бір ай болған «Ertis» мультимедиалық музейге қызықтап келушілердің қарасы қалың. Әсіресе, демалыс күндері тамашалаушылардың саны он мыңға жуықтап қалады. Бүгінге дейін 20 мыңнан аса адам келіп үлгерген.

Бұл жолы мұражайға өңірдің жас спортшылары экскурсия жасады.  Қазақстанда баламасы жоқ бірегей мұражай шынайы археологиялық және табиғи экспонаттардың заманауи мультимедиялық технологияларымен жасалған. Музей геология, физикалық география және өңірдің ежелгі флора мен фаунасын қамтиды.  Келушілерге экскурсия жетекшілері палеозой заманынан бүгінгі күнге дейінгі хронологиялық шеңбер қамтылған тың мәліметтерді мультимедиалық аппараттардың сүйемелдеуімен ұсынады. Ал, тамашалаушылар да таңдай қағып тамсанып тарқасады.

Әзиз Ғазизов, мамандандырылған олимпиадалық резервтегі спорт мектебінің оқушысы:

Өте жақсы, заманауи технологиялармен бірге біріктіріліп жасалған. Көптеген заттарды көруге ыңғайлы. Жаңа технологиялармен үлгілермен жасалған. Біздің осы Павлодар өңірінің зерттеушілерімен таныстым осы музей арқылы.

21-қаңтарда мультимедиялық музейдің ашылғанына тура бір ай болды. Осы аралықта 20 мыңнан аса адамдар келіп тамашалаған. Облыс пен көрші аймақтарды айтпағанда Ресей елінен де біздің музейге қызығушылар бар екен.   

Рымбек Қабиденов, «ERTIS» мультимедиалық музейі басшысының міндетін атқарушы:

Көршілес Ресейден іргелес жатқан өңірлерден келіп қызықтап, өздерінің тамаша пікірлерін айтып жатқан қонақтарымыз бар. Енді жалпы, ашылуынан бастап осы күнге дейін бір айдың ішінде 20 мыңнан астап адам келіп тамашалап үлгерді біздің музейіміздің ішін. Өздеріңіз білесіздер мына менің артымда тұрған мамонттан басталып, екінші қабатта тоғыз экспозициялық зал бар.

Қазіргі уақытта музейде көрмеге шығарылған экспонаттар саны 300-ден асады. Айта кетерлігі, мұражайды тегін тамашалау осы айдың соңына дейін ұзартылды.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар