ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Ertis музейінде жаңа көрме ашылды

10:38, 14 қазан 2021

Ertis музейінде Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Теміртау қаласы Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы көрме жәдігерлерімен келді. Шара Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр. Орталық Сарыарқадан Ертіс бойына жиыны 230-ға жәдігер әкелінген. Көпшілік бұл көрмені қараша айының 5-не дейін тегін тамашалай алады.

Өткен дәуірлерден сыр шертер тарихи жәдігерлерді ұсына келген Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі Ертіс-Баян жұртшылығына орталық облыстың бай, мәдени жәдігерлерімен таныстырады. Орталық облыстың деп шартты түрде айтқанымызбен көрмедегі жәдігерлер тұтас қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Қазақстан тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар, Қарағанды облысы киелі жерлері, қола дәуірі, ерте темір дәуірі және орта ғасырдың археологиялық жәдігерлерін ұсынуда.

Гүлдана Бейсенғалиева, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музей басшысының орынбасары:

Қали Байжановтың шапаны, сонымен қатар Тоқтар Әубәкіровтың кителі қойылған. Ең көне деп, Қарағанды облысында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған қола, ерте темір дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштер, қола жебенің ұштары, темір ауыздықтар жатады.

Шараға Теміртау қалалық Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы да ат салысуда. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік ғұмырының әр түрлі кезеңдерінен сыр шертетін деректер қойылған. Олардың қатарында әр түрлі мемлекет басшылары мен делегеттардың Нұрсұлтан Әбішұлына тартқан кәдесыйлары, саяси қайраткерлік жолын баян ететін фотосуреттер топтамасы бар. Жиыны 50 жәдігер.

Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы мәдени, спорттық жетістіктері туралы жәдігерлер де көрмені толықтырған. Сондай-ақ облыстың өндірістік даму жолын бақылап, әлеуметін бағамдауға да болады. Көрменің ашылу салтанатына жиынған сөз алған қос тарап, аймақаралық мәдени байланыстың маңыздылығына ерекше тоқалды.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
19:40, 21 қаңтар 2022
Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
Толығырақ...
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
19:31, 21 қаңтар 2022
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...