ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

ERTIS KELBETI: Гүлнар Өзқанова

19:44, 26 қаңтар 2022

Қаңтар айының басында Май ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Гүлнар Өзқанова 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Бірлестікті 11 жыл бұрын басқарған қоғам қайраткері бүгінде өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың барлығын қолдап келеді. Кеңес құрамына туған өлкесінің дамуына үлес қосып жатқан еңбеккерлер кіреді. Сондай-ақ, зейнеткерлер шығармашылықта, өнерде, тіпті спортта белсенділік танытып, жоғары көрсеткіштерге ие.

Гүлнар Еркебайқызы Май ауданы Көктөбе ауылында туып өскен. Жергілікті мектепті бітіргеннен кейін, сол білім ордасында сабақ берді. Жалпы еңбек өтілі - 35 жыл.

Гүлнар Өзқанова, Май ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы:

Осындай үлкен аудан. Мұнда түрлі ұлт өкілдері көп болды. Әрине, басты бағыт - ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы. Бірақ адамдар жұмыс талғамады. Ауданымыздың басты құндылығы - халқы.

Гүлнар Еркебайқызының белсенді өмірлік ұстанымы мен қызметі назардан тыс қалған жоқ. Зейнетке шыққаннан кейін ардагерлер ұйымын басқару ұсынылды. Оның айтуынша, аға буынмен жұмыс жасау аса маңызды. Себебі олардың тәжірибесі мен білімі саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін қажет.

Гүлнар Өзқанова, Май ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы:

Біз мұнда көптеген бағыттар бойынша әртүрлі жұмыстар жүргіземіз. Мәселен, қоғамдық, спорттық жұмыстар және жастармен кездесу. Біздің зейнеткерлер өте белсенді. Олар ән айтады, аспапта ойнайды және спорттық ойындарға қатысады. Бірде-бір қоғамдық іс-шараны жібермейді.

Зейнеткерлер әсіресе өз ойымен бөлісіп, қамқорлықты қажет етеді дейді Гүлнар Өзқанова. Май ауданының ардагерлері табысқа жетудің кілті - шетте қалмай, аудан өміріне белсене араласу деп есептейді. Бұл істің басы-қасында жүрген төрайымның жұмысын әріптестері де жоғары бағалайды.

Саниял Өзелкенов, Май ауданының орталықтандырылған кітапхана басшысы:

Енді Гүлнар Еркебаевна ауданымыздың дамуына көп үлес қосып келеді. Бүгінде қарттар үлгі-тұтарлық ойларымен бөлісіп жатады. Бұл ді бізге құптарлық жағдай. Жалпы біз ардагерлермен жүйелі жұмыс жасап жатқанымызға өте қуанштымыз. Олардың жұмысы өтке күрделі. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру бұл адамдар өз мойныдарына алған істері.

Алтынбек Байғалиев, өткетанушы:

Гүлнар Еркебайқызы көп жылдар бойы білім саласында қызмет атқарған. Мен де өзім ұстаз болғанмын. Бірге қызмет атқарып, бүгінде зейнетке шыққаннан бері қоғамды жұмысты белсенді түрде атқарып жатыр. Ауданда болып жатқан шараларға өзінің өмірлік тәжірибесімен, ақыл-кеңесімен барлығына жол көрсететін азамашаның бірі.

Ардагерлер кеңесінің алдағы уақытта атқарар шаруасы жетерлік. Белсінді азаматтар бүгінде жеткен жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Қазір соғыс және еңбек ардагерлері жайлы ақпарат жинақтап, кітаптың тұжырымдамасын әзірлеп жатыр.

 

Аяулым Рахымжанова, Александр Логвин

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...