ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

10:30, 14 қазан 2021

Ертіс ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Жалпы аталмыш аудан облыстағы астықты аймақтардың бірі. Әсіресе, ауылшаруашылығын жолға қойған. Биылғы жылы елді-мекенде 11,4 млдр теңгенің өнімі өндірілген. Бұл туралы Ертіс ауданының әкімі онлайн брифингте мәлімдеді.

Астықты алқап Ертіс ауданының облыстың дамуына қосқан үлесі ерекше. Әсіресе, ауылшаруашылығын дамыту бойынша көш бастап тұрған аудандардың бірі. Қазіргі таңда 193,5 мың гектардан өнім жиналған. Жалпы өнім көлемі 267,1 тоннаны құрайды. Мұндағы диқандар биыл гектарына 13,8 центнер жинған.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Жалпы, өңір экономикасында тұрақты даму үрдісі байқалады. Енді нақтырақ айтатын болсақ, ауылшаруашылығы бойынша. Аудан экономикасының құрылымында айтарлықтай үлес ауылшаруашылығына келеді. өнім өсуінің негізгі қалыптастырушыларының бірі ауылшаруашылығы нақты көлем индексі болады. Ағымдағы кезеңде ауданда 11,4 млрд теңгеге ауылшаруашылығы өнімі өндірілді. Ауылшаруашылығы жалпы көлемінің индексі 103 пайызды құрады.

Жергілікті шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды тиімді пайдаланады. Соның арқасында асыл тұқымды бұқалар сатып алу жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері аудан экономикасын арттыру мақсатында 5,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл қаражат аушаруашылығы техникаларын алуға, көкөніс сақтау қоймаларының құрылысын жүргізуге бағытталып отыр. Қазіргі таңда Қызылжар ауылындағы сыйымдылығы 14 мың тонна қойманың құрылысы аяқталуға жақын. Ал, аудандағы өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1,5 есеге өскен. Ауданда 24 қайта өңдеу кәсіпорыны жұмыс істейді.

Аян Бейсекин, Ертіс ауданының әкімі:

Қарақұдық ЖШС сияқты кәсіпорынмен ұн өндірісі 16 пайызға, Молочное продукты серіктестігі сары май және сүзбе өндірісі 25 пайызға ұлғайды. Ауыз суды көтеру және беру бойынша өндіріс көлемі 1 пайызға, жылу энергиясы 2 еседен астап пайызға ұлғайтылды.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау, білім беру сынды салалар да назардан тыс қалған жоқ. Білім сапасын арттыру мақсатында білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Ал, Ертіс аудандық ауруханасының дәрігерлер короновирус инфекциясымен күрес барысында табандылық таныта білді. Ақ халаттылардың аянбая еңбек етуі үшін де қолайлы жағдай жаслаған. Бүгінгі таңда аудан халқының 72 пайызы вакцина салдырған.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы да жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. аудан бйынша соңғы сегіз айдың ішінде 1000-ға жуық жаңа жұмыс орыны ашылыпты. 1469 аз қамтылған отбасыға 65 млн теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілген. Аудан басшысының сөзінше бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасын таппақ.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...