ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Ертіс ауданындағы соңғы соғыс ардагері

12:30, 7 мамыр 2022

Ұлы Отан соғысында Жеңіс туын желбіреткен майдангерлер қатары күн сайып сиреп келеді. Ертіс ауданында да Ұлы отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері қалды. Жасы 90 –нан асқан қария Алексей Печелатов Северное ауылында ғұмыр кешіп жатыр.

Алексей Печелатов соғысқа 17 жасында алынып, шығыс шекараны қорғаған. Жапон соғысында қабықшаларды майданға тасымалдау қызметін атқарған. Атай өз аяғымен жүріп тұрады. Қызына кейде үй шаруасына да көмектесіп қоятын көрінеді. Дегенмен кәрілік жеңген қарттың жадынан көп оқиға өшіп, естеліктер көмескі тартқан.

Галина Печелатова, Алексей Печелатовтың қызы:

Әкем соғыстан кейін де әскери борышын жалғастырып 52-жылға дейін сол жақта болған. Ол кемеде, кейін теңіз авиациясында қызмет еткен, ал соңында Қиыр Шығыс авиациялық полкі қолбасшысының шофері болды. 52-жылы елге келіп мұнда да көп жыл жүргізуші болып жұмыс істеді. Кейін совхоз әкемді Барнаулға бағбанның оқуына жібереді. Ол кезде біздің ауылда үлкен бақ болған еді. Әкем 2 жыл оқып сол баққа бағбан болып келді. Зейнетке шыққанға дейін сонда жұмыс істеді.

Айта кету керек, Северное ауылынан  майданға 600 адам аттанған. Олардың жартысы ғана елге оралды.

 

Гүлсара Мәлікова          

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар