
Ертең облыс орталығында кезекті дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Үш аудан өнімдерін ұсынады.
Сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, сондай-ақ жұмыртқа, шикі сүт нарық бағасынан 15-20% төмен бағада сатылады. Ет орталық базардың ішінде, қалған өнімдер Естай көшесіндегі базарға қарама-қарсы орналасқан аумақта саудаланады.
Татьяна Нагула, ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:
Аққулы, Павлодар, Успен аудандары өз өнімдерін әкеледі. "Галицкое" мен "Адал сүт" 6 тонна сүт өнімдерін ұсынады. Тұрақтандыру қорынан қант, қарақұмық, күріш және өсімдік майы болады. Бағалар нарықтық бағадан 15-20% төмен.
Аяулым Рахымжанова, Мұрат Әбілмажит