ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Еріктілік – өмір мәні іспетті

22:34, 24 қараша 2021

Қызыл Жарты Ай қоғамы Қазақстан көлеміндегі ең ірі гуманитарлық ұйым болып табылады. Ауқымы халықаралық дәрежені қамтиды. Еріктіліктің негізгі мақсаты – адамдарға қол ұшын созу.

Қызыл жарты ай мен қызыл крест ұйымдары Қазақстан жерінде 1937 жылы құрылды. Осы уақыт аралығында қанатын кеңге жайып, жақсылық жасап келеді. Әлемнің 190 елімен келісімге отырып, 17 млн еріктінің тағдырын бір арнаға тоғыстырып отырған ұйым өз міндеттерін абыроймен атқарып отыр.

Гүлнар Исақанова, «Қызыл жарты ай» қоғамының басшысы:

Біз Павлодар облысының аумағында жергілікті бастамашыл топтар, мобильді топтар құрдық, олар барлық аудандарда жұмыс істейді, біздің қызметіміз тек Павлодармен шектелмейді, біз Павлодар облысының барлық аумағында жұмыс істейміз.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік құрылымдар, серіктестер, ҮЕҰ, Азаматтық альянс өкілдері, іздестіру жасағының мүшелері және басқа да белсенділер жиналды. Кездесуге келгендер - волонтерлік ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен өзара іс - қимылы-үлкен жұмыстың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Өйткені, тек өзара әрекеттесу арқылы қысқа мерзімде үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Гүлнар Исақанова, «Қызыл жарты ай» қоғамының басшысы:

Біз дағдарыс жағдайына тап болған адамдарды ақпараттандыру және оларға ден қою, әлеуметтік қолдау салаларында барлық мемлекеттік құрылымдармен, азаматтық сектормен байланыс орнаттық.

Екатерина Кудрявцева, «Vita іздестіру жасағы» ҚҚ басшысы:

Біз бір жылдан астам уақыт өзара әрекеттесіп келеміз, Қызыл Жарты Ай біз үшін бірнеше тренинг өткізді, ол үшін біз оларға ризамыз, олардың арқасында біз адамдарға көмектесу үшін біліктілігімізді арттырамыз.

Еріктілер үшін жақсылық жасау – өмірдің мәні іспетті. Қазіргі таңда «Қызыл жарты ай» қоғамының облыстық филиалында 120 ерікті бар.Олар жылына 1000-нан астам тұрғынға көмек қолын созған.

Зұлқарнай Ермұратұлы, Кристина Касперович

 

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...