ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ Толығырақ

ЕРІКТІЛЕР ТЕГІН БЕТ ПЕРДЕ ТАРАТТЫ

15:00, 24 наурыз 2020

Елдегі қиын-қыстау сәтте Павлодарлық еріктілерде қол қусырып қарап отырмай, түрлі акциялар ұйымдастыруда. Олар дағдарыс орталығына барып, ондағы әйелдерге коронавирустан сақтанудың әдіс-тәсілдерін үйретті.

Сонымен қатар еріктілер, Қызыл жарты ай қоғамымен бірлесіп 500-ге жуық бетперде әзірледі. Оны облыс орталығындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындарында тегін үлестірді. Бұдан өзге, қызыл жарты ай қоғамының өкілдері мен волонтерлер індеттен сақтану туралы ақпараттық жадынамалар таратты.

Гүлнар Исаханова, «Қызыл жарты ай»  қоғамы ПОФ жетекшісі:

Бұл маскалар өзіміздің еріктілердің күшімен дайындалған. Осы бүгінде әлемде болып жатқан осы эпидемиямен күресу туралы профилактический жұмыс атқарып жатырмыз. Және де біздің еріктілеріміз информационный мәліметтер буклеттер таратады. Осындай іс шаралар өткізіп жатырмыз. Өткіземіз де алдыда. Осы өзіміздің халқымызға, өзіміздің жерлестерімізге сондай дұрыс ақпарат тарату біздің мақсатымыз.

Еріктілердің бет перде тігуіне «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры да қол ұшын созған. Қоғамдық қор маскаға қажетті материалдарды тауып беріпті. 

Айпара Жақан, «Қызыл жарты ай» қоғамы еріктісі:

Бізде ақ материалдар болды. Біз осы материалдарды арнайы шаблон арқылы кесіп, оларды бір жерінде тіггіп, және осы резинкаларды барлық қала бойынша іздеп барлық жер жабық болғандықтан кішкене қиындықтар болды. Бірақ, осы қиындықтарды өтіп, керек адамдарға осы маскаларды дайындадық. Бүгінгі күні қазір міне 200-300 шақты маскалар дайын. Және де осы күні біз барлық адамдарға тегін осы макскаларды таратамыз. Барлық қала бойынша, осы жерде де супермаркеттерде таратуға дайынбыз.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әлемде елді алаңдатқан күрделі төтенше жағдай орын алып жатқанда ешкімнің де бей-жайлық танытқысы жоқ. Сол себепті де «Үміт үзбеу» қоғамдық қоры тегім бет перде тарату акциясына өз үлестерін қосты. Бәрінің де тілегі әлемді әуреге салған індеттен тез құтылып, оның кең етек алып кетуіне жол бермеу. Сондықтан, бірлік танытуға ешкім бей жай қарамайды.

Гауһар Омарова, «Үміт үзбеу» қоғамдық қорының директоры:    

Біздің қазақ елімізде осындай мақал бар: «Бірлік бар жерде тірлік бар», дегендей. Бүгін осы Қызыл ай қоғам қорымен бірге болып. Осы акцияны өткіздіріп жатырмыз. Былай қарағанда, осындай жағдай өте қиын жағдай болып жатыр. Бірге болған кезде өте көп жұмыс жасауға болады, деп ойлаймын.

Үнемі жақсылық жасауға ұмтылып тұратын екі қоғамдық ұйым мен еріктілерде құралған 30-40 адам көшеде және сауда орындарында бет пертесіз жүрген тұрғындарға масканы тегін таратты. Әсіресе, адамдар көп шоғырланатын сауда орындары басты назарда. Өйткені, тұрғындарға үйден ұзап шықпауға кеңес берілгенімен, күнделікті тұтынатын азық-түліктерін алу үшін сауда орындарына бармасқа амал жоқ.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Коронавирус ауа арқылы тарап, қолдан қолға жұғады, дегенді мамандар ескертіп отыр. Сондықтан да көпшілік ортаға шыққанда сақтық шарасы ретінде ауыз бен мұрынды жауып маска тағып, қолға мынадай қолғап киіп алғанның еш сөкеттігі жоқ. Сақтықта қорлық жоқ, деген дана халқымыз.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар