ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Еріктілер арасындағы үздіктер анықталды

20:29, 2 желтоқсан 2021

Жастар бастамаларын дамыту орталығында Республика бойынша игі іс жасап жүрген еріктілер бас қосты. Қайырымды істер марафон аясында үздіктер анықталып, келер жылғы жұмыс жоспары түзілді. Жаны жақсылыққа құмар жандар жайлы келесі сюжетте.

Еріктілердің қоғам өмірінде алатын орыны ерекше. Ешбір қаражатты қажет етпей, өз жұмыстарын адал атқарады. Қашанда жанындағыларға көмек қолын созуға әзір. Республика еріктілерінің басын біріктірген шараның негізгі мақсаты – еріктілік қызметті кеңінен дәріптеу. Әрі үздіктерді анықтау.

Лима Диас, азаматтардың бастамаларын қолдау орталығының басшысы (Нұр-Сұлтан қ.):

Бүгін бір жыл бойы атқарған жұмысты қорытындылап отырмыз. Марапаттау рәсіміне дейін бұл жерде шеберлік сағаттарын өткізіп жатырмыз. Елімізге танымал тренерлер жас волонтерлерге ақыл кеңестерін айтып, бағыт-бағдар беруде.

Шынымен де бір жыл ішінде көп жұмыс атқарылды. Осы ретте жыл қорытындысы ретінде республикалық деңгейдегі тренерлер 6 бағыт бойынша шеберлік сағатын өткізді. Таңдалған тақырыптар да сан саланы қамтиды. Ал, еліміздің түкпір-түкпіренен келгендердің де қарасы қалың. Жалпы жиын екі күн қатарынан өтеді.

Төлеген Айтбаев, жастар бастамаларын дамыту орталығының басшысы:

Игі істер марафоны осы атаумен осы жыл өтті. Бұл жылдың нәтижесі бойынша ең жақсы жұмыс атқарған өңір айқындалады. Павлодар облысы үштікке кіреміз ба, бірінші орын аламыз ба деген үміттеміз. Одан кем нәтиже біз күтпейміз. Өйткені біздің еріктілеріміздің, метценаттарымыздың жалпы жұмысын білеміз.

Бүгінгі шараның ең басты қонағы Astana Group президентінің кеңесшісі елге танымал маркетолог маман Әлішер Елікпаев. Елордалық мейман жиналғандарға коммерциялық емес сектордағы маркетинг тақырыбында лекция оқыды.

Әлішер Елікпаев, «Astana Group» президентінің кеңесшісі:

Кеңес дәуірінде де волонтерлік болды. бірақ, атауы басқаша болатын. Яғни, олар қарапайым атауларды қолданатын. Ал, қазіргі уақытта мүлдем басқаша. Бүгінгі таңда адамдарға жақсылық жасау үшін тау қопарып, тас қазудың қажеті жоқ. Тек, жүрегіңде сәл ғана мейірім болса жеткілікті.

Айта кету керек, топ жарып үздік атанғандарға жыл волонтері премиясы ұсынылады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
18:04, 17 тамыз 2022
Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...