ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Ер есімі - ел есінде

18:22, 23 қыркүйек 2021

Биыл Тәжікстан Республикасынан жеке құрама атқыштар батальонының шығарылғанына 20 жыл. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Раджан Батырхановтың ерлігі әрқашан әріптестерінің есінде. Толығырақ келесі бейнеүзікте.

Шекара органдарының тарихы жасыл қалпақты жауынгерлердің ерлігі мен батылдығының арқасында көптеген оқиғалармен есте қалды. Павлодарда Тәжік–ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы Раджан Батырханованың әріптесі - Вадим Никитович тұрады. 1994 жылы 28 қыркүйекте Раджанмен бірге Висхор шатқалындағы Хаким бандасына қарсы ұрысқа қатысқан.

Вадим Большаков, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы:

Ол өзінің өмірін біз үшін қиды. Егер ол төмендегі жаудың жолын кеспесе, біз, яғни жоғарыда тұрғандар қоршалып, бәріміз мерт болуымыз мүмкін еді.

Раджан Батырханов нағыз ерлік жасады. Жолдастарының өміріне қауіп төніп тұрғанын түсініп, ол жау күшін өзіне қабылдап, әскери міндетін батыл орындады.

Батырхан Куанышев, тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушы:

Раджан Батырханов Тәжікстан алдында пулеметтен оқ атудан басым түсті. Керемет мерген еді. Осы шеберлік пен біліктіліктің арқасында ол жау күштерін тоқтата алды.

Раджан Батырхановтың барлық қызметтестері оған Қазақстан Республикасының "Халық Қаһарманы" жоғары атағын берілуін лайық деп санайды.

 

Құдайберген Бердімұрат, Евгения Мягченко

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...