ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

ӘНДІ СҮЙСЕҢ, МЕНШЕ СҮЙ...

11:00, 3 тамыз 2020

Биыл қазақтың көрнекті ақыны, дара, дана ақыны - Абай құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы. Осы ретте ел көлемінде түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Сонымен қатар, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ертіс телеарнасының бірлесе бластаған «Абайдың өшпес» әндері атты жаңа жобасы көрермен жүрегін жаулап ала білді. Апта басында жарыққа шыққан тың жобаның өткен санынан бір көз жүгіртіп өтсек.

Расында, Абай әндері құлақтан кіріп, бойыңды шымырлатады. Тіпті Ахмет Жұбановтың өзі дара ақынның әндеріне қатысты: «Абай әндері басынан аяғына дейін қазақ музыкасының халықтың интонациясында құрылған, бірақ басқа интонациялық демдердің араласуы арқылы жаңа заман тілі, «сөздігі» бар шығарма болып қалыптасқан» - деп, баға берген.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы... Иә, Абайдың өшпес әндері. Шынымен де, артында ұлағатты ұрпақ тұрғанда Абай әндері ешқашан өшпесі анық. Осы ретте мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ертіс телеарнасының бірлесе қолға алған жобасы ел ішінде үлкен қолдауға ие болды. Әсіресе, өңіріміздің аудан қалаларынан көптеген хаттар редакциямызға ағылып келіп түсіп жатыр. Олай болса, көзіқарақты көрермен, дәл осы бейне үзіктерді сіз бен біз болып, бірге тамашалайық. 00:43

Айта кету керек, «Абайдың өшпес әндері» жобасы алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әр санын жіберіп алмаңыздар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар