ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Еңбекақының тең жартысы мемлекет тарапынан төленеді

22:42, 18 мамыр 2022

Павлодар қаласында 2000 нан аса жұмыссыз тіркелген. Азаматтарға жұмыс ұсынған кәсіпорындар мемлекеттен қаржыландырылады. Сондай-ақ, енді зейнет жасына жеткен шақта жұмыссыз қалған азаматтар «Күміс жас» жобасы арқылы екі қолға бір күрек табады.

Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардан қабылданады. Бағдарламаға бір жылдан астам уақыт жұмыс істейтін, тұрақты түрде салық және басқа да әлеуметтік төлемдер жүргізіп, еңбекақы бойынша берешегі жоқ жұмыс берушілер қатыса алады.

Болат Файзуллин, қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Жұмыс берушімен тікелей келісіп, жұмыс ізденуші сонда сұхбаттасып, жұмыс беруші өзі таңдайды. Қандай маман оларға керек. Бүгінде электромонтер, аспазшы, яғни жұмыс берушінің өтініші бойынша қарастырамыз.

 «Ұрпақ сабақтастығы» жобасы да жастарға арналған, онда жас маман зейнет жасына жетіп, еңбек демалысына шыққан маманды алмастыруға дайындалады. Алты ай ішінде 20 АЕК көлемінде еңбекақы төленеді.

Болат Файзуллин, қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Үлкен дәрежелі мамандар зейнет жасынан кететін уақытын біліп, сондық алты ай уақыт ішінде жас ұрпаққа беру мақсаты. Тағы да үкіметтен 91 890 теңге қарастырылып отыр.

Енді елде зейнет жасына жеткен шақта жұмыссыз қалған азаматтар «Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналаса алады. Жалақының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады.

Болат Файзуллин, қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары:

Зейнеткерлікке 2 жыл мерзімі жетпей тұрған азаматтарға қарастырылған. Себебі көп жұмыс берушілер ала алмайды, алғылары келмейді. Жұмыс берушіге 30 АЕК, яғни 91 890 теңге аударамыз. Бұрын жұмыс беруші төлесе, қазір мемлекет қаржысынан қарастырылған.

«Күміс жас» жобасы бос жұмыс орындарынан тыс жасалатын болады. Яғни еңбек жағдайлары қауіпті және зиянды сала кірмейді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...