ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді

18:24, 28 қаңтар 2022

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына күнделікті тексеріс жүргізіледі. Мониторингтік топтың құрамына кәсіпкерлік басқармасы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ депутаттар кіреді. Естеріңізге салмыз, дүкен иелерінің өнімге қосатын үстемақысы 15%-дан аспауы тиіс.

Бүгінде облыс орталығындағы ірі супермаркеттер мен әлеуметтік дүкендер жауапты мамандардың жіті бақылауында. Сауда нүктесіне тұрақтандыру қорының өнімдері төмен бағада жеткізіледі.

Әсия Жаншокова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Сөрелердің барлығы керек өнімдермен толтырылған. Пайыздық өсім назарымызда, заң бұзушылықтар жоқ. Біз тұтынушылармен сөйлестік, барлығы өнім сапасына риза.

Қолжетімбі бағаны ұстап тұру шаралары қалада ғана емес, ауылдық аймақтарда да қолға алынған. Павлодарлықтар негізсіз қымбатшылыққа қатысты шағымдарын 65-24-48, 32-07-30 телефон нөмірлері арқылы хабарласып, жеткізе алады.

Әсия Жаншокова, қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Бізде қазір қалада 36 әлеуметтік дүкен, тұрақтандыру қорының 98 серіктесі бар. Қазіргі таңда 23 жаңа дүкенмен келісім-шарттар жасау жұмыстары жүргізілуде.

Қаңтар айының соңына дейін қалаға қарасты ауылдарда тағы 10 жаңа әлеуметтік дүкен ашу жоспарланып отыр. Кенжекөл, Ленин, Жетекшi, Мойылды тұрғындары да арзандатылған ең қажетті өнімдерге қол жеткізе алады.

 

Құдайберген Бердімұрат, Ерғали Рамазанұлы

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...