ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау

09:30, 14 қаңтар 2022

Павлодар облысында 19 түлді әлеуметтік азық-түлікті саудалайтын 184 әлеуметтік дүкен бар. олардың барлығы тауарға тек 10 пайыз үстемақы қосым сатылымға шығарады. 4 бірдей сауда желісімен 4 меморандум жасалды. Ауылшаруашылығын өндірушілері 30 мың тонна картоп, 6 мың тонна сәбіз жеткізетін болады. Сонымен қатар, 85 мың тонна астық әкелу үшін 91 келісімшарт жасалған.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

4-5 топқа арналған әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көңілге қонбайды. Сүт өнімдері, қияр-қызанақ, нан-тоқаш өнімдері. Бұл 4-5 бағыт.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында 240 теңгеден саудаланатын 2 754 тонна қант, 207 теңгеден босатылатын 171 тонна күріш, 123 теңгеден 2 177 тонна ұн, 310 теңгеден 128 тонна қарақұмық, сонымен қатар, литрі 604 теңге болатын күнбағыс майының 202 тоннасы және 85 теңгеден сатылатын картоптың 1 377 тоннасы сақтаулы. Бірақ, әлеуметтік дүкендерде жағдай мүлдем басқаша екендігін атап өтті аймақ басшысы.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Тұтас лабиринт. Неліктен нақты сөрелер, нақты мекен-жайлар, Сауда-саттықты бақылау жоқ. Неліктен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бақыламайды? Олар міндеттемелерді қалай орындайды. Баға белгілері қолмен жазылған.

Облыс әкімі жергілікті атқа мінерлерге бір тәулік ішінде павлодар қаласының әлеуметтік дүкендеріне барып, сауда сөрелерін маңғызды азық-түлік жиынтығымен толтыруды қадағалау керектігін тапсырды. Сонымен қатар, Әбілқайыр Сқақов жергілікті дүкен сөрелерінде облыстағы жылыжайларда өсірілетін қияр мен қызанақтың аз саудаланатындығын назарға алды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Барлық сауда нүктелері тікелей байланыс орната алуы керек. Жергілікті өнім 750 теңгеден.

Сондай-ақ, «Рахмет» әмбебап сауда орталығындағы бағаларға да ерекше тоқталды.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Қиярдың бағасы неліктен аспандап тұр? «Рахмет» саудан орталығындағы бағалармен салыстырып, мониторинг жасауды тапсырамын. біздің өңірде өндірілетін қымбат тауарларды анықтау керек. Осыны қолға алыңыздар. Халықтың қалтасы мұндай бағаларды көтермейді.

Облыс әкімі бағаны бақылау бойынша мобильді топ құру туралы тапсырма берді. Аймақ басшысы кәсіпкерлерге бағаны ретсіз көтерудің мәнісі жоқ екендігін де айтты.

 

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...