ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:16, 2 сәуір 2021

Павлодардағы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі енгізіліп жатыр. Әзірге валидаторлар бірнеше автобус пен трамвайға қойылды. Төлем қалай жүргізіледі? Жүйе халық пен билікке не береді?

Электронды билеттеу - қолма-қол төлемсіз, картамен жүргізілетін жүйе. Қазір шаһарымыздағы 149 қоғамдық көлікке стационарлы валидарторлар орнатылды. Оның 47-і автобустарда, 120-сы трамвайларда қойылды. Жергілікті атқарушы органдар жаңа жүейінің маңыздылығы ашықтықта деп отыр.

Арслан Айдарханов, ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Сондай-ақ, жүйе қоғамдық көлікте қай санатта қанша адамның жүргенін, оқушылар, зейнеткерлер, жеңілдікті санаттағыларды өзі санап береді. Жолаушылар қандай әдіспен төлем жасағанын көрсетіп отырады. 

Төлемдердің барлығы бір базаға түседі. Бұл тасымалдаушылардың жергілікті атқарушы орган алдында есебі үшін тиімді. Ал, төлем картасы 4 топқа бөлінеді. Олар жолаушылардың жеңілдікті санаттарына, әлеуметтік, стандарт және оқушыларға арналған. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға карта тегін беріледі. Оның құны 450 теңге.

Айдос Тоқтарұлы, «INNOFORCE SOLUTIONS» ЖШС коммерциялық директоры:

Біздің жүйеде 9 түрлі әдіспен төлем жасауға болады. Олардың бірі қауіпсіз әрі ыңғайлы, сенімді. Осы трнаспорттық карточка арқылы. Сонда жолақы салынады. Жолаушылардың ақшалары осында сақталады. Келесі түрі стационарлы валидатордың орнына планшет тұрады. Одан бөлек автобустарда кюар код жазылған тақтайшалар ілінеді. 

Басқа банк картасы арқылы төлеуге келмейді. Тек оны «Автобус»  қосымшасына бекіту керек.  Төлем карталарды қаламыздың кез келген сауда үйлерінен сатып алуға болады. Ал, қлғамдық көліктерде кондукторларды қалдыру, қалдырмауды тасымалдаушылар өздері шешеді.

Айдос Тоқтарұлы, «INNOFORCE SOLUTIONS» ЖШС коммерциялық директоры:

Бұл шешім тасымалдаушыларға байланысты. Кейбірі кондукторларды қалдырды, кейбір аймақтарда алып тастады. Дифференцияалды тариф енгізілгеннен кейін төлемнің 90 пайызы қолма қолболмайтынын жеткізді. Одан бөлек қоғамдық көліктердің төлемді тексеретін тексерушілер жүреді.

Айта кету керек, сондай-ақ, жүйе қазір Семей, Атырау, Ақтөбе қалаларында да енгізіліп жатыр.

 

Самал Қалиқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...