ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Елбасымен кездесу

19:40, 30 қараша 2021

Желтоқсан айының 1-ші жұлдызында Тұңғыш Президент күні мерекеленеді. Ал, сюжетіміздің бүгінгі кейіпкері Елбасымен кездесіп келді.

2019 жылдың қаңтар айы. Жастар жылының ашылу салтанатында Александр Шутов жастарға қолдау көрсетіп жүргені үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын айтқан болатын. Кейіпкеріміздің мамандығы - металлург.

Александр Шутов, Ақсу қаласының тұрғыны:

Мен металлург екенімді айтқан кезде, Нұрсұлтан Әбішұлы басын иіп, жымиды. Мен бұл сәтті көргенде іші бауырым езіліп кете жаздады. Сондан кейін күш жігерімді жинап, бір деммен сөз сөйлеп шықтым.

Александрдың айтуынша, дәл осы кездесуден кейін ол металлургтің еңбегін жақсы түсінетін тұңғыш Президенттен қуат алып, өз жұмысында өзін сенімді сезіне бастады. Тіпті алған әсерімді сөзбен жеткізе алмаймын,-дейді.

Александр Шутов, Ақсу қаласының тұрғыны:

Ол менің жұмысыма ғана емес, менің өзіме де әсер етті. Кейбір мәселелерді ой елегінен өткізіп, әр нәрсеге жауапкершілікпен қарай бастадым. Тіпті, сол кездесуден кейін өзім де өзгере бастағанымды аңғардым.

Қазіргі таңда Александр Ақсу ферро-қорытпа зауытындағы жастар кеңесінің құрамында. Ұйымның басты бағыты еріктілік пен тәлімгерлік болып табылады. Өзінің негізгі жұмысында ол үнемді өндіріс құралдарын енгізумен айналысады.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит, Гульсара Маликова

 

Тақырып бойынша материалдар

Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
18:28, 28 қаңтар 2022
Солдаттың туыстары іздестіріліп жатыр
Толығырақ...
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
18:26, 28 қаңтар 2022
Құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды
Толығырақ...
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
18:24, 28 қаңтар 2022
Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы тексерілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
19:16, 24 қаңтар 2022
Мобильді бригадалардың жұмысы қыза түсті
Толығырақ...
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
19:38, 24 қаңтар 2022
Полиция нысандары 100% бейнебақылаумен қамтылды
Толығырақ...