ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Экологиялық мәселелер қарастырылды

21:20, 25 қараша 2021

Павлодар облысындағы өндірістік орындардан шығатын қалдықтардың көлемін жыл санап азайту жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар «Нұр Отан» партиясының өңірлік экологиялық кеңесінінің отырысында қарастырылды.

«Нұр Отан» партиясының саяси кеңес отырысында еліміздегі экологиялық мәселелер де талқыланды. Елбасы бұл бағытта нақты шешімдер мен жұмыстар қажет екенін тағы бір мәрте еске салған еді.

Ирина Чидунчи, «Nur Otan» партиясы жанындағы өңірлік  қоғамдық экологиялық кеңесінің төрайымы:

Осыған байланысты Нұр Отан партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар   шаралар қарастырылған. Бүгін екі сұрақ болады. Олар кәсіпорындар қалдықтарының қоршаған ортаға зиянын азайту және кәсіпорындардың өз санитарлық аумақтарын көгалдандандыруы.

Павлодар облысы өндірістік аймақ болғандықтан, экологиямен мәселе бары белгілі. Осы ретте өнеркәсіп  кәсіпорындарының ластаушы заттар шығындарының көлемін 680 мың тоннаға дейін азайту бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының өңірлік жол картасы жүзеге асып келеді. 

Ілияс Құрамысов, экология департаментінің басшысы:

Өткен жылдың қорытындысы бойынша  қоршаған ортаға шыққан қалдықтар көлемі 1500 тоннаға кеміген. Биыл бұл 4 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында өндіріс орындарынан шыққан қалдықтар 56 мың тоннаны құрайды. Осы уақыт ішінде электрэнергия өндіріс артты, осылайша қоршаған ортаға шығатын қалдықтар көлемі де көбейді.

Экология департаменті өндірістік орындарға қалдықтарды азайту туралы тек ұсыныс жасалатынын жеткізді.

Ілияс Құрамысов, экология департаментінің басшысы:

Әр кәсіпорынмен олардың лимиттерін төмендету бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Ол жұмыс бас кеңселерде шешіледі. Біз тыйым сала алмаймыз. Біз олардың шаруашылығына кіріскендей боламыз. Сондықтан тек ұсынамыз.  

Айта кетейік, кеңейтілген отырыста облыстық мәслихаттың депутаттары, жер қойнауын  пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандары қатысты. Отырыста 4 сұрақ қарастырылса, оның екеуі осы қоршаған ортаға қатысты болды.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
21:08, 25 қараша 2021
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемі артты
Толығырақ...