ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Екібастұзда 16 дүкен тұрақтандыру қорының серіктесі

13:33, 28 қаңтар 2022

Екібастұз қаласында бірнеше дүкен мен супермаркет тұрақтандыру қорының серіктестері. Сондай-ақ, қалаға қарасты ауыл аймақтарда да азық түлік төмен бағада сатылады.

Қазіргі уақытта Екібасұз қаласында 16 дүкен тұрақтандыру қорымен серіктес саналады. Олардың 12-сі қала ішінде болса, 4-еуі ауылдық аймақтарда. Бұл дүкендерде баға да халыққа қол жетімді дейді мамандар. Мәселен, қарақұмық бағасы 341 теңге болса, қант 264 теңгеден сатылады.

Динара Жантинова, кәсіпкерлік бөлімі басшысының м.а:

Күріштің бір келісі 228 теңге. Тұз 500, бірінші сортты ұн 135 теңге. Макарондар 224 теңгеден саудаланады. Біздің кәсіпкерлердің тұрақтандыру қоры арқылы сатып жатқан негізгі өнімдері осылар.

Жаңа жылдан бері  кәсіпкерлер тұрақтандыру қоры арқылы 71 тоннаға жуық азық-түлік, 270 литр күнбағыс майын сатқан. Супермаркет өкілдерінің айтуынша, тұрақтандыру қорынан аптасына бір рет азық-түлік жеткізіледі. Мәселен, бір дүкенге орташа есеппен аптасына 2 тонна қант, күріш пен қарақұмық 1 тоннадан және өзге де өнімдерді әр дүкен шамамен осы көлемде сатып алынады.

Арғын Айтқұлов, супермаркет әкімшісі:

Тұрақтандыру қорымен жұмыс істеу ойы 2019 жылы келді. Содан бері үш жыл болды тұрақты серіктеспіз. Аптасына бір рет тауарларды жеткізеді. Халыққа тиімді баға ұсынамыз. Адамдар да дән риза.

Кәсіпкерлермен келісілгендей, халыққа ұсынылатын баға тұрақтандыру қорындағы бағадан алшақ кетпеуі керек. Шектік үстемақы 10 пайыз.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...