ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЕГІСТІК НАУҚАНЫ ЕРТЕ БАСТАЛДЫ

12:49, 14 мамыр 2020

Күллі ел болып бастан өткерген төтенше жағдай режимі көктемгі егістік жұмыстарына айтарлықтай әсерін тигізген жоқ. Керісінше көктемнің ерте түсуі дихандардың дәнді ертерек сеуіп алуына сеп болды. Успен ауданындағы шаруа қожалықтары биыл 200 мыңнан артық алқапқа егін егуді жоспарлап отыр. Бұған 2800 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Жоспардағы 220 мың гектар жердің 140 мыңы дәнді дақылдар, ал 51 мың гектары майлы дақылдарға тиесілі. Биыл Успен ауданында егістік алқабы былтырғы жылмен салыстырғанда 13 мың гектарға ұлғайған.

Ерлан Айтмақұшев, Успен аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

14 мың тонна егістік тұқым бар. Және де жоғары сапалы тұқымдар 500 тонна алынды. 3 мың тоннадай минералды тыңайтқыштар алынған.

Аудан бойынша биылғы маусымдағы науқанға барлығы 1088 бірлік ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылады. Оның ішінде 28 техника заманауи егістік кешендері. Биыл мұндай таптырмас тахниканың 6 данасы сатып алынған. Бөлінген қаражат 231 млн теңге.

Ерлан Айтмақұшев, Успен аудандық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы:

2800 тонна арзандатылған жанар-жағар май бөлінді. 2000 тоннансы бүгінгі күні біздің ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен игерілді. Егістік жұмыстары басталды. Егілген қалқап 40 мың га құрады бүгінгі күні.

Успендегі егін егу науқаны сәуір айының соңында басталған. Биылғы ауа райы көктемгі дала жұмыстарына ерте кірісуге қолайлы болды, - дейді мамандар.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар