ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Егін жинау науқаны қарқын алды

12:08, 21 қыркүйек 2021

Тереңкөл ауданында егін жинау науқаны қарқынды жүргізілуде. Қазірдің өзінде 124 мың гектар аумақтағы дәнді-дақылдар жиналды. Сондай-ақ, шаруалар қысқа мал азығын да дайындап жатыр.

Биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы алаңы 250 мың гектардан егін жинауы тиіс. Оның 165 мыңы дәнді дақылдар.

Николай Кочкаев, "Вильгельм" ШҚ бригадирі:

Өткен жылмен салыстырғанда, биыл өнім әлдеқайда жақсы. Гектарынан 6-7 центнер алатынбыз. Биыл бұл көрсеткіш 12-14 центнерге көтерілді.

Сондай-ақ, ауданда шаруаға қажетті техника жаңартылып жатыр. Ағымдағы жылы 129 бірлік сатып алынды. Жалпы сыйымдылығы 127 мың тоннаны құрайтын 70 астық сақтау қоймасы бар.

Руслан Бөкеев, «Агро-даму» ЖШС атқарушы директоры:

Ең негізгі өніміміз - бидай. Өте сапалы. Биыл шығымы да жақсы.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет жыл сайын субсидия мен басқа да көмек көрсетеді.  

Николай Нижник, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

Қазір мемлекет барынша қолдау танытады. Егіс шаруашылығында субсидиялау төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл тұқым, пестицидтер және минералды тыңайтқыштарды сатып алу.

Тереңкөл ауданында егін жинау науқаны қарқын алды. Жұмыстар қыркүйек айының соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Аяулым Рахымжанова, Евгения Мягченко

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...