ШҰҒЫЛ! Оқушыларға екпе салу қарқын алды Толығырақ

Дүбірлі көкпар ойыны өтті

22:24, 18 қазан 2021

Өңірде ұлттық спорт қайта жаңғыртылып жатыр. Оған дәлел Аққулы ауданы, Малыбай ауылында өткен Көкпар тартысы. Қазақтың рух пен ерлікке толы бұл спорт түрі жастар қызығушылығын арттыра түскендей.

Көкпар - ұлттық спорт ойындарының бірі. Көкпарға бір жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Орташа салмағы 20-30 келідей.

Дархан Жоламанов, ұлттық спорт клубының басшысы:

Міне біріншіден Аққулы ауданының жігіттері мен барлық шабандоздарды маусымның шабылуымен құттықтағым келеді. Екіншіден, ұйымдастырушы жігіттерге алғысымды айтқым келеді. Бірліктері жарасып маусым жабарлық көкпар ұйымдастырып жатқандарына. Алдағы уақытта, Маусым ашарлық және жабатын сонымен қатар тойлар өткізіліп тұрса, келешекте облысымызда мен-мен дейтін мықты шабандоздарды іріктеп, ары қарай ел чемпионатына қатыстырушы едім.

Аталмыш шараға Аққулы ауданынан Шарбақты, Малыбай, Майқарағай ауылының командалары, сондай-ақ Шарбақты ауданынан Есілбай ауылының шабандоздары қатысты. Ойынның ақтық мәресінде, Шарбақты ауылы мен Майқарағай ауылының бір-біріне дес бергісі келмеген шабандоз- палуандары барынша жеңісті жіберіп алмау үшін тырмысып-бақты.

Алдияр Нұрланұлы, Шарбақты ауылы шабандозы:

Енді команданың дайындығы жақсы, қазақ айтады ғой «Жылқының жылқысы бар – қазан аты бір бөлек, Жігіттің жігіті бар – азаматы бір бөлек»-деп, қазан атты аттың үстінде, шүкір жігіттер табылып жатыр, осы ойынға шығып жатыр.Әлбетте, 4 команда болғаннан кейін үшеуі де қарсыласымыз. Ойын үстінде бақ сынасып көреміз. Бақ шаба ма, бап шаба ма көреміз енді.

Құдайберген Бердімұрат, тілші:

Бүгінгі күні аумағымыздағы ұлттық спорт әлеуеті даму үстінде, оған дәлел артымызда өтіп жатқан Көкпар жарысы. Ұлттық спорт ойыны бұл біздің рухани байлығымыз. Ұлттық спорттың дамуы, рухани байлығымыздың дамығаны деп білеміз.

Көңілің мен кеңейтіп керегеңді, Көкпар шіркін қоздырар делебеңді, дегендей. Ауыл жастарының айтуынша, көкпар ойынында тылсым күш бар. Серкені алып шаршы алаңды айналғанда, рухың мен намысың бойыңды алып ұшады дейді.

Жәнібек Байсханов, шабандоз:

Бар күшімізді салып дайындалдық, ағаларымыздың арқасында, дайындауының арқасында Малыбай ауылы жақсы дайындалды деп санаймын.Бүгінгі жарыста, өз елімізде өз жерімізде Малыбай ауылы жеңісті алады деп тілектеспін.

Шабандоздардың көкпар тартысқанын тамашалау үшін еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналған.

Асқарбек Айганзинов, Малыбай ауылдық округінің әкімі:

Бұл енді ұлттық ойындарды жаңғырту мақсатында, қазақ халқын, жастарды осы ұлттық спорт түрімен тәрбиелеу мақсатында  жасалып жатқан дүние.

Бірінші орынды – Майқарағай ауылы, екінші орынды – Шарбақты, үшінші орынды – Малыбай ауылы иеленді. Шара соңы аударыспақ додасымен жалғасып, Есілбай мен Майқарағайдың палуандары бір-бірімен иық тіресе күресті.

 

Құдайберген Бердімұрат

Тақырып бойынша материалдар

«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
20:38, 2 желтоқсан 2021
«Көңілдің асыл пернесі...» байқауында жеңімпаз атанды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
21:18, 29 қараша 2021
«Мемлекеттік шекара» атты кітаптың тұсауы кесілді
Толығырақ...