ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Достық» саябағы ашылды

23:15, 3 мамыр 2022

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ертіс ауданында «Достық саябағы» ашылды. Этномәдени бірлестіктердің ардагерлері аудан әкімі Аян Бейсекинмен бірге қарағай көшеттерін отырғызды. Экологиялық шараға ауыл жастары да белсене қатысты.

Енді әрбір этномәдени орталықтың өз атаулы ағаштары бар. Ауданда туған өлкенің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген 30-дан астам ұлт өкілі тұрады.

Самат Маненов, Ертіс ауданының құрметті азаматы:

Қазақстан халқы бірлігі күнінің құрметіне Ертіс ауданында ағаштарды отырғызып жатырмыз. Бұл - келешекке деген сенім. Еліміздің нығаюы - біздің достығымызға байланысты. Осы достығымыз одан әрі жалғаса берсін.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар