ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Департамент пен сот меморандумға қол қойды

20:19, 2 желтоқсан 2021

Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен облыстық сот сәуір айында меморандумға қол қойған еді. Жарты жылдың ішінде 1000-нан аса әкімшілік іске мониторинг жүргізілді. Ал, бұл меморандум енді Кодекс талаптарының сақталуына септігін тигізетін болады. Тілшіміз жалғастырсын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Павлодар облысы бойынша департаменті мен облыстық сот өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл осыған дейін жасалған жұмыстарды одан әрі күшейтуге мүмкіндік беріп отыр.   

Агидель Ибраева, Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Меморандумға сәйкес Департаментпен Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабын көлік құралын мас күйінде басқару бойынша мониторинг жүргізуде. КҮШІНЕ енген қаулының бір көшірмесі департаментке 5 жұмыс күнінің ішінде жіберіледі. Жалпы облыстың түрлі соттарына осы санат бойынша 1400-ге жуық іс келіп түскен.     

Департамент маманы жергілікті атқарушы органдардың кейбір мемлекеттік қызметшілермен осы Кодекс талаптарының сақталмайтыны анықталуда.

Руслан Иманқұлов, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бас маманы:

Мәселен, 2021 жылдың 28 тамызындағы Железин ауылдық округі аппаратының бас маманы Атмаев 2021 жылдың 15 қарашасындағы Павлодар облыстық Діни істері басқарамасының бас маманы Е Амәркенов мас күйде  автокөлікті басқару бойынша 15 тәуулікке қамалып, 7 жылға автокөлікті басқару құдатынан айырылғаны белгілі болды. Қатысты хат жолданды.

Осылайша, Департамент пен облыстық сот арасындағы  өзара байланыс меморандум негізінде бірқатар жұмыстар жеңілдей түспек.

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
18:04, 17 тамыз 2022
Мәшһүр Жүсіпке арналған музей жасау ұсынылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
17:58, 12 тамыз 2022
Тұрғындар екі емхананың жұмысына жиі шағымданады
Толығырақ...