ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ДАРХАН КӨҢІЛ ХАЛЫҚҚА АЛҒЫС

22:04, 25 ақпан 2021

Алғыс айту күні тақырыбын жалғастырамыз. Мереке алдында тағдырдың жазуымен қазақ даласына қоныс аударып, бақытын осы елден тапқан жандар жайлы баяндамақпыз. Зумара Кулкумбаева шетелде туып, қазақ елінің қызы атанды. Үлкен жүректі нәзік Павлодар 3-жылу электр станциясында 40 жылға жуық еңбек етті. Күрделі тағдыр иесі жайлы келесі бейнесюжетте.

Зумар Кулькимбаева 38 жылдық тәжірибесі бар өндірістегі бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары, кәсіподақ ұйымының белсенді мүшесі. Ол Павлодар облысына кішкентай кезінде Башқұртстаннан көшіп келді.  Болашақ өндіріс маманы техникалық училищені бітірген соң еңбек жолын түрлі кәсіпорындарда бастайды. Соңғы 15 жыл 3-ші жылу электр станциясында қызмет етуде. Бұл мамандықты таңдағанына  еш өкінген емес.

Зумара Кулькимбаева, Павлодар қаласының тұрғыны:

Маған өте ұнайды. Басында мен манометрлермен айналыстым. Қазір сенсорлар. Бізде электронды түрде, жеңіл. Менің ойымша, мұндағы шығыс мен қысым тобында мен - жалғыз әйелмін. Бұл аспаптармен жалғыз айналысамын. Қазір бізге жастар келеді. Мен оларды үйретемін.

Зумара Наилқызы негізгі қызметінен басқа кәсіподақ жұмысымен де айналысады. Бірнеше жылғы адал еңбегі үшін медальмен марапатталды.  Бір қызығы  оның  жұбайы Нұрлан Көлкімбаев та слесарь. Болашақ отағасымен әскерден оралған кезде танысқан. Жұбайларды бір-біріне және ортақ жұмысқа деген сүйіспеншілік біріктіреді. Бақытты отбасы  үш бала тәрбиелеп, бес немере сүйіп отыр. Зумара Наилқызы  бір кездері даладай дархан пейілді қазақ халқының ортасына көшіп келгеніне риза. Қазір ол үшін сүйікті Қазақстанынан артық отан жоқ.

 

Гүлсара Мәлікова, Ринат Абдулкаюмов

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...