ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Даңқ алаңы қалыпқа келтірілді

23:18, 4 мамыр 2022

Биыл шаһардағы парктерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Бірақ ағымдағы жұмыстар 4 саябақта жасалатын болады. Ал, Ұлы Жеңіс күніне орай Павлодардағы даңқ алаңы дайын ба?

Павлодар қаласындағы саябақтар мен скверлер қалыпқа келтірілуде. Мердігер ұйым даңқ алаңында орындықтар мен шағын құрылымдарды, қоқыс жәшіктерін сырлап, тазалау жұмыстарын аяқтады.  Осылайша алаң Ұлы Жеңіс мерекесіне әзір десек болады. Бұдан бөлек, тағы бірқатар саябақтарда жаңарту жұмыстары қолға алынбақ.

Нұрдәулет Несіпғазиев, ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

Қазір Қанаш Қамзин атындағы саябақта да  осындай жұмыстар жүргізілуде. Одан бөлек қаладағы 4 жаңа саябақ та ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалады. Олар  Достық ауданында, Химқалашықтағы және Литвинов атындағы саябақтар.  

Жалпы, аталып кеткен 4 саябақта жаңарту жұмыстары әзірге басталмады.  Қаламыздағы барлық саябақтар мен скверлерді жөндеуге бюджеттен 40 млн теңге бөлініп отыр. Айта кетсек, шаһардағы парктерге күрделі жөндеу жұмыстары биыл жүргізілмейді. 

 

Мөлдір Сағидолла, Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар