ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ

20:24, 15 қаңтар 2021

Бүгін Павлодар облысы құрылған күн. 1938 жылдың 15 –қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1-ші сессиясының қаулысымен Павлодар өңірі Шығыс Қазақстаннан бөлініп шығады. Өз алдына дербес облысқа айналған Павлодардың сол кезеңдегі келбеті жайлы тілшіміз баяндайды.

Осыдан 78 жыл бұрын дәл осы күні Ертіс жағалауында орналасқан тарихи мекен жеке отау құрып, облыс дәрежесін алды.  Құрамына он аудан кірген өңірде 200 мыңға жуық  халық өмір сүрген. Бұл күні Қазақстанның ең алып өндіріс өлкесіне айналған аймақ ол кезеңде тек жеңіл кәсіппен күн көрді. Тұз өндірісі, кеме жөндеу, тері зауыттары, Майқайың алтын кеніші және ұн комбинаты жұмыс істеді. 

Гүлжайнат Әлиева, Г.потанин атындағы тарихи-өлкентану музейінің өнертанушысы:

Тарихи суреттерде сол кездегі базар, кеңес базары, 1936 жылғы алғашқы сайлау, сол тарихи суреттерде латын әріптермен жазылған ұрандарды көруге болады. Қалада 30 мыңға жуық халық тұрды, қала өте кішкентай болған. Көбінесе ағаш, жер үйлер.

Естай мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында орналасқан бұл үй облыс құрылған кездегі қаланың ең көрнекті ғимараты болды. Кірпіштен бой көтерген 16 пәтерлік жалғыз нысан сол уақыттағы өңір басшыларына арналды. Халық арасында «шишка» деген атауға ие болған ескі үй бүгінде көкпен таласқан көркем ордаларға толы ірі қаланың өткен тарихының көзіндей болып тұр.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА


 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
18:26, 4 наурыз 2021
ПАВЛОДАР ӨНЕРПАЗДАРЫ ОМБЫ ҚАЗАҚТАРЫМЕН ОНЛАЙН ЖҮЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
21:14, 26 ақпан 2021
ПРЕЗИДЕНТ «KASPI BANK» БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
18:21, 4 наурыз 2021
КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА 7 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...