ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Бүгін қарбыз күні

18:05, 3 тамыз 2022

Бүгін дүниежүзілік қарбыз күні. Әлемге ең көп тараған жидек түрлерінің бірі. Бүгінде қарбыздың 1200 ден астам сұрпы белгілі. Павлодар облысы да қарбыз егуден қалыс қалған емес. Аққулы ауданында өсірілетін қарбыз бүгінде елімізге белгілі.

Анықтамаларға сәйкес, қарбыз - біржылдық шөп, асқабақ тұқымдастарға жататын жидек. Қарбыз қабығының ақ, сары, кейде тіпті қара жасыл түрі де кездеседі екен. Ал іші қызғылт, қызыл, кейде ақ және сары болуы мүмкін. Құрамы бойынша қарбыз жидек болып саналады және қазіргі уақытта әлемнің 96 елінде 1200-ден астам сұрыпы өсіріледі. Павлодарлықтар қарбызды көбіне тамыз, қыркүйек айында тұтынатынтықтарын айтады.

Тарихшылар қарбыздың отаны Африка құрлығы екенін айтады. Ежелгі Египеттіктер бе бұл өсімдікті пайдаланып қана қоймай, киелі санапты. Мысыр патшасы Тутанхамун зиратынан қарбыз тұқымы табылғандығы осыған дәлел. Қарбызды медициналық рецеп ретінде де пайдаланған екен. Қарбыз өт қабында тастардың пайда болуына жол бермейді, организмнен холестеринді кетіруге ықпал етеді, жүректің жиырылуын және қан қысымын реттеуге көмектеседі.

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...