ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Борышкерлер қатаң қадағаланатын болады

20:29, 4 қыркүйек 2021

Облыстағы Әділет департаменті мен полиция департаменті бірлесіп борышкерлерді анықтау мақсатында рейдтік-іс-шара өткізді. Тексеріс барысында алимент пен салық төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілердің автокөліктері айып тұрағына тоғытылды.

Рейдтік шараның негізгі мақсаты заңға бағынбай, салық пен алимент төлемей жүргендерді анықтау. Тексеру жұмыстарына жеке сот орындаушылары мен жол патрульдік полициясының қызметкерлері қатысты. Мамандар борышкерлерді мобильді мәліметтер базасы арқылы анықтайды.

Болат Тасқарин, қалалық әкімшілік полиция қызметінің бастығы:

Бізде қазір планшет деген болады интернет бойынша. Тізім бар. тізімсде жазылады ғой. Қандай адам қандай әкімшілік хаттама толтырылады ғой. Соның бәрін ананың ішіне толтырады. Сосын біздің жұмыскерлеріміз күнде оны қарау керек. Осындай кісіні іздеп жүр, осындай маңатта тұрады. Осындай мекенжайда. Сол маңаттан ол машинасын көрсе, ол машинасын тоқтатады.

Бұл істе әділет департаменті мамандары да белсенділік танытып отыр. жеке сот орындаушылары өздеріндегі бар ақпаратпен іздеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ, көп жағдайда, борышкерлер бұқпалап жүретін көрінеді.

Айдын Сәменқұлов, қалалық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтың бөлімінің басшысы:

Проблеммаға келмей жүрген борышкерді полицейлермен бірге отыра департаментке алып келіп, оларға қатысты әкімшілік іс-шаралар қолдану. Және де борышкерлердің автокөліктері ориентировкада жүрген автокөліктер бойынша патрульдік полициямен бірге қаланың ішінде, посттарда қамау шараларын қолдану.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Қазірге таңда өңірде 200-ден астам борышкер бар. олардың барлығы уақытылы өз қарыздарын өтемесе, дәл осылай көліктері айып тұрағына әкелітедін болады.

Олардың барлы автокөліктерін тек қарызын толық өтеп болған соң ғана алып кетуге құқылы.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

 

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...