ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

Блок бекеттердегі жағдай тұрақты

09:56, 13 қаңтар 2022

Қаңтар айының басында еліміздің кей аймақтарында болған бүліктен кейін бірден өңірлерде блок бекеттер қойыла бастады. Бүгінгі таңда шаһардан шыға берісінде жұмыс қызу.

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:

Қала сыртандағы Республикалық маңызы бар тас жолдарға шықсаңыздар осыдан 2 жыл бұрын басталған карантиндік кезең бірден еске түседі. Бірақ, бұл жолы погондылар вирусты емес, ел ішіне ірткі салатын заң бұзушылықтарды қадағалауда. Ресми деректерге сүйенетін болсақ, әзірге ешқандай заң бұзушылық дерегі тіркелген жоқ. Тек, рұқсаттама қағаздары жоқтары ғана кері шегерілген. Қазіргі таңда қала бойынша екі жерде блок бекет жұмыс жасап тұр.

Иван Басов, патрульдік полиция батальонының аға лейтенанты:

Біз бұл жерде қалаға кіретін көліктердің барлығын тексереміз. Басты міндет – заң бұзушылықтардың алдын алу. Қару-жарақ асынғандардың жолын кесу. Бірақ, қала шетіне блок бекеттер қойылғалы бері ондай деректер тіркелген жоқ. Барлығы тыныш. Ал, қажетті құжаттары жоқтарды кері қайтарамыз.

5 қаңтардан бастап Полиция департаментінің 100 пайыз жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше режимінде жұмыс істеуде. Осы уақыттан бері блок-посттар арқылы 25 046 автокөлік  пен 44 974 жолаушы өткізілді. 372 көлік пен 876 азаматтың кіруіне мен шығуына рұқсат берілмеген.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
19:40, 21 қаңтар 2022
Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
Толығырақ...
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
19:31, 21 қаңтар 2022
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...