ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Бизнестің тынысы тарылмайды

13:19, 28 қаңтар 2022

Елімізде карантин талаптары жеңілдетілді. Енді эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан салтанатты кештер, еске алу, спорттық шаралар шектеусіз өткізуге рұқсат. Әрі «Ашықта» мәртебесі «көк» азаматтарға да біраз жеңілдік жасалып отыр.

Президент бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды үкіметке тапсырды. Мемлекет басшының айтуынша, бүгінде шағын және орта бизнес баяу дамып жатыр. Ал карантин шектеулері кәсіпкерлікті шектеп қана қоймай, бизнес пен мемлекет арасындағы өзара сенімді төмендетеді. Сол үшін ведомствоаралық комиссия мынадай жеңілдіктер жасап отыр.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

 «Жасыл» және «көк» мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады. Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан, «Ашықта» тек «жасыл» мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі.

Мейрамханалар, мәдени объектілер, балалар мен ересектер үшін ойын және ойын-сауық орындары, театрлар мен кинотеатрлар толымдылығы «сары» аймақта – 70%-ға дейін, «қызыл» аймақта – 60%-ға дейін жұмыс істейді. Бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғасатын болады. 

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Салтанатты және бұқаралық іс-шараларға рұқсат етіледі, бірақ келушілердің де, нысандағы жұмысшыларының да жасыл мәртебесі болуы тиіс.

Сонымен қатар, «Ашықта» мәртебесі «көк» азаматтарға бұдан былай қонақ үйлердің, әуежай, темір жол, автовокзал мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының есігі ашық. Ешқандай шектеусіз кіре береді. Десе де санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

 

Аяулым РАхымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
20:19, 23 мамыр 2022
Павлодарда абаттандыру жұмыстары қарқын алды
Толығырақ...