ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Биыл Павлодар қаласына 20 мың ағаш егіледі

20:20, 19 мамыр 2022

Павлодар қаласын жасылдандыру жұмыстары бойынша көктемгі ағаш отырғызу жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі уақытқа дейін «Құлагер» ипподромы және «Спортсити» аумағында 5 мыңға жуық ағаш егілген. Тиісті мекеме өкілі мамыр айының аяғына дейін тағы 5 мың ағаш егуді жоспарлап отыр.

Биыл Павлодар қаласы бойынша 20 мың ағаш егу жоспарланған. «Құлагер» атшабары мен «Спортсити» аумағында көктемгі отырғызу жұмыстары басталып, осы жылғы жоспардың төрттен бірі орындалған. Енді мамыр айы аяқталғанша тағы бес мың ағаш егілмек. Ал, қалған он мың ағаш күз айларына жоспарланып отыр. 

Арман Құсайынов, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:

Біз ағаштардың барлығын ғылыми негізге сүйене отырып, сарапшылармен ақылдаса отырып егудеміз. Ағаш елгіетін аумақтар мен көшет түлерінің барлығы ғылыми-технкалық  сарапшылардың мақұлдауынан өткен. Алдағы уақытта да ғалымдардың кеңесін алып отыратын боламыз.

Мемлекет басшысының міндемесіне сәйкес Павлодар облысында жалпы 100 мың ағаш егу қажет. Биыл 20 мың ағаш отырғызылса, келесі жылы да осы межені бағындыру көзделген. Осылайша бірнеше жылда міндет 100 пайызға орындалмақ. Жаңадан отырғызылған көшеттер аптасына екі рет суарылып, күтілетін болады. Бұл жұмысқа биыл 700 млн теңге бөлінген.  

 

Жанасыл Серікбол

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...