ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БИЫЛ ХАЛЫҚ САНАҒЫ ӨТЕДІ

12:56, 24 қаңтар 2020

Осы жылдың қазан айында Қазақстанда жалпыға бірдей халық санағы өтеді.

Бұл еліміз Тәуелсіздік алғалы бергі үшінші санақ болмақ. Әр он жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы халық санағының жаңашылдығы – заманауи ақпараттық-технологиялардың қолданылуы. Сол себепті, санақшылар қатарына есеп жүргізетін қызметкерлер 3 есе аз жұмылдырылады. Көбінесе, цифрлық технологияларға баса мән беріледі. Мемлекеттік статистика туралы заңға сәйкес елімізде халық санағы кемінде 10 жылда бір рет өткізіледі. Осы ережелерге сәйкес, биылғы халық санағы қазан айына жоспарланды. Біріншісі осыған дейін 1999 жылы, ал екіншісі 2009 жылы өткен болатын.  Осы уақыт аралығында Ертіс-Баян өңірі халқының саны өсті.

Жақан Жәкенов, статистика департаменті басшысының орынбасары:

Екі ортада біздің Павлодар облысы бойынша халық саны біразға өсті. 2009 жылғы 1 қаңтарға 740 мыңнан аса адам болса, қазір 750 мыңнан асып тұр.  10 мың адамға көбейгені кеткені бар, келгені бар. Көп кісі кетіп жатыр, бізде республиканың ішінде, Нұр-Сұлтанға, Алматыға, бізге де келіп жатыр.

Халық санағына Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Оның ішінде елде тұрақты тұратын азаматтар, кәмелетке толмаған жасөспірімдер. Сонымен қатар, Қазақстанды уақытша мекен еткен азаматтар мен республикада өмір сүретін бірақ, азаматтығы жоқ адамдар кіреді. Шетелде тұрақты тұратын қазақстандықтардың деректері де есепке алынады. Үкіметтің қаулысымен 2020 жылғы санақ қазан айында өтеді деп бекітілді.

Жақан Жәкенов, статистика департаменті басшысының орынбасары:

Тек қана облыс бойынша біздің облысқа 900-ден астам адам тек қана регистратор болып кіреді. Оның 300-і осы Павлодар қаласы бойынша. Ақсу, Екібастұз және аудандар бар. Саны түгел белгіленген. Бір регистраторға 830 адамнан келеді.

Қазірдің өзінде халық санағына әзірлік жұмыстарымен оның жүзеге асуын қадағалайтын бақылау комиссиясы құрылды. Оған аудан әкімдері және басқа да құрылымдық басқармалар басшылары да кірді.

Санақ ғаламтордағы www.sanaq.gov.kz. сайты арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Кез-келген сұхбат беруші жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке куәлік нөмірін, ұялы телефон нөмірін, код және растау кілтін енгізе отырып тіркеле алады. Санақ-2020 жүйесі сауалнамаларында 45 сұраққа дейін жасырынған. Заманауи жүйе барлық азаматтар үшін тәулік бойы қол жетімді болмақ. Ең бастысы, алынған мәліметтердің барлығы құпия болып қалады.

Жақан Жәкенов, статистика департаменті басшысының орынбасары:

Сол дайындықтар жүріп жатыр. Қазір енді ең біріншісі маусым айында басталады. Елді-мекенде жүріп, үйдің тұрғы үй ма, тұрғын үй емес па қандай екенін анықтаймыз. Оған адам қабылдаймыз.

Деректерді тіркеуші қызметкерлер қатарына 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары тартылады. Бұл жұмысқа сонымен қатар, кез-келген ерікті қатыса алады. Ең бастысы, оларға уақытша жұмысы үшін еңбекақы төленетін болады.

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
15:11, 25 қазан 2020
КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Толығырақ...
МОДУЛЬДІК ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ АШЫЛДЫ
15:16, 25 қазан 2020
МОДУЛЬДІК ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ АШЫЛДЫ
Толығырақ...