ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Биыл ата-ана қарауынсыз қалған 115 бала баспаналы болады

21:58, 10 қыркүйек 2021

Екі жыл бұрын Екібастұзда "Үміт" балалар үйі қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы болып қайта құрылды. 20 жылдан аса уақыт жеткіншектерді өз қамқорлығына алып отыр. Биыл 115 тәрбиеленушісі жаңа үйден пәтер кілттерін алады деп күтілуде.

Екібастұз қаласындағы балалар орталығы 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінге дейін тәрбиеленген 263 жеткіншектің 192-сі ата-аналарына қайтарылса, 68 баланы өзге отбасы өз қамқорлығына алған.

Нағима Әбдірахманова, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры:

Жалпы негізінде балалар мұнда түскен кезде тұрақты және уақытша топтарға бөлінеді. Уақытша топта балалар 6 айға дейін тұрады. Егер балалардың әке-шешелері өздерінің жағдайын өзгертіп, балаларды тәрбиелеуге жағдай жасамайтын болса, онда сот арқылы олар ата-ана құқығынан айырылып, балалар тұрақты топқа ауыстырылады.

Соңғы екі жылда қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 77 тәрбиеленушісі баспаналы болды.

Нағима Әбдірахманова, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры:

Бәріміз түсінеміз, әрбір бала, әрбір адам өзінің баспанасы болғанын армандайды.  Осы жылы бізідң түлектеріміздің арманы қарқынды түрде орындалып жатыр. Бұл үшін мемлекетімізге алғысымызды білдіреміз. Жалпы, 115 баланың ішінде 27 бала орталықта тұрып жатыр. 2021 жылдың аяғына дейін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай олар баспаналы болады.

Орталықта 62 қызметкер жұмыс істейді. Олардың қатарында тәрбиешілер, педагогтар мен психологтар бар. Мұнда жеткіншектер үшін түрлі үйірмелер ашылған.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Орталықтың ішінде осындай сұлулық салоны да бар. Мекеменің 11 тәрбиленушісі арнайы оқудан өткен. Өздерімен қатарлас жасөспірімдерге түрлі осындай шаш үлгілерін жасап, мерекелік іс-шараларға дайындайды.

Қазір орталықта 37 бала тәрбиеленіп жатыр. 16 жастағы Айжан Мақажанова Елбасы медалінің иегері.

Айжан Мақажанова:

Мені спорт пен шығармашылық қызықтырады, мен сабақты жақсы оқимын. Орталықтың арқасында көптеген жаңашылдықтарды үйреніп жатырмын. Ең бастысы - тәбиешілер өте мейірімді. Анамыздан болып кетті. Бізге жақсы қарайды.

Биыл осы орталықтан өз отбасына 22 бала оралды. Жалпы, кеншілер қаласында ата-ана қарауынсыз қалған 457 жеткіншек пәтер кезегінде тұр. Жақында салынып жатқан 8 үйдің 115 пәтері осы балаларға беріледі деп күтілуде.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
22:58, 21 қазан 2021
«Ғұлама – наме» кітабының тұсауы кесілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
22:22, 18 қазан 2021
Тау болып үйіліп жатқан сәбіз бен картоп
Толығырақ...