ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Бірлігі бекем ел

23:08, 3 мамыр 2022

Бірлік күні Ассамблея мүшелері «Достық» трамвайына отырып, қала тұрғындарын қуантты. Ән айтып, домбыра шертіп, тұрғындарға сыйлық таратты.

Қазақ – қашаннан бауырмал халық. Тарихи түрлі кезеңдерде жат жерлерден келген түрлі ұлттар мен этностарды бауырына басып, бір үзім нанымен бөліскен мейірімді халық. Дархан даламыздай көңіліміздің кеңдігі  дәл осы 1 мамыр сынды айтулы мерекеде аңғарылып  тұрады. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ұйымдастырған салтанатты шара  травмай депосынан бастау алды.

Құралай Уақбаева, «Нұр ана» ҚБ мүшесі:
Бүкіл әлемдік бейбітшілік күні бүкіл хадқымызға отанымзыға мерекесімз құтты болсын. Барлықтарыңызға мықты денсаулық қажымас қайрат, әр күндеріміңіз қуанышты шаттықта болсын деймін. Отанымыз аман, халқымыз тыныш болып келесі жылы осы әлемдік мерекені жақсы қарсы алуға Алла тағала нәсіп етсін.

Райсум Абдулов, ҚХА мүшесі:

Қадірлі отандастар Қазақстан халқын бәрін Қазақстанның бірлік күнімен құттықтаймын. Елімізде тыныштық, достық, бірлік болсын. Қазақстанымыз көркейіе берсін. Әр отбасына денсаулық, бір-біріне сыйластық, әдемі өмір тілеймін.

Айтулы мереке қала шырайын да аша түскендей. Орындалған ән мен күн тұрғындарға керемен көңіл-күй сылайды.

Шығармашыл топ шаһарымыздың 19 аялдамасынан өтті. Қоржын ашып жолаушыларға сыйлық табыс етті.    

Бірліктің, татулық пен ынтымақтың символына айналған бұл мереке ғасырдан ғасырға жалғасатыны сөзсіз.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар