ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Белсенді зейнеткерлер

21:00, 16 мамыр 2022

Ардагерлер мен зейнеткерлердің бос уақытын қамту мақсатында шаһарымызда Белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Орталықта әр сала бойынша 17 клуб жұмыс істейді.

Қала тұрғыны, мәдениет саласының зейнеткері  Роза Әбілғазина белсенді ұзақ өмір сүру орталығына қаңтар айында келген. Зейнеткерлікке шығып, бос уақытын текке өткізбеу үшін мында келіп ән айтады, мерекелік іс шараларға қатысады, салауатты өмір салтын ұстанады.

Роза Әбілғазина, қала тұрғыны:

Көңіліміздің көтеріп, үйде отырмай, шығамыз. Осында келеміз. Көңілді боламыз. Осы барған жерлерге түгелдеріне айтамын. Мынадай клуб бар. Денені шынықтыру бар. Скандиавскя ходьба деген солар бар. Осында келіп, өлең айтыңыздар.
Ал, медицина саласының зейнеткері Кәмилә Әлкенова көршісінен осы орталық жайында естіп, мекемеге келіп  жүр. Қаламызда осындай орталықтың барына риза.

Кәмилә Әлкенова, қала тұрғыны:

Бір ай болды осында келіп жүргеніме. Өте жақсы тамаша, мында көршім алып келді. Көршім де қатысады екен. Екі рет концерт бердік. Қарттар үйінде концерт қойдық. Өте жақсы, тамаша.

Бүгінде ұйымға 262 зейнеткер барады. Оның ішінде 77-сі ер адамдар. Әр тұрғын өзінің қызығушылығына байланысты клубты таңдайды. Бос уақытын  қызықты өткізумен қатар, пайдалы іспен шұғылданады. Мұнда іс тігіп, ас дайындаудан курстарға қатысып, теннис, йогаға барады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемеде психолог, бизнес тренер, тіл мамандары да жұмыс істейді.

Фарида Белгібаева, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры:

Зейнеткерлер орталыққа келген уақытта оларды алдымен кеңесшілер қабылдайды. Осыдан кейін психологпен жұмыс жасап, оның нәтижесі бойынша топтар құрылады. Зейнеткерлер айына үш рет белгіленген арнайы күндері  театр, мұражайларға барады. Келіп, қатысам деушілерге есік ашық.

Орталық қалалық және  республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар