ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті

09:27, 6 шілде 2022

Зейнет демалысына шыққан қарттар уақытын тиімді, әрі пайдалы өткізуге тырысады. Олар бірнеше жыл бұрын жұмыс істей бастаған белсенді өмір сүру орталығына барады. Бүгін орталықтың есеп беру концерті өтті. Ардагерлер ән айтып, бір жыл бойы үйренген жаңа дағдылармен бөлісті.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында йога, жеңіл атлетика, теннис, шахмат, тіл үйрену клубтары, хор, би, тамақ дайындау және қолөнер, тағы басқа  үйірмелер жұмыс істейді. Әжелер мен ақсақалдар тәң сәресінен орталыққа келіп үйірмелерге қатысады. Солардың бірі 75 жастағы Зекен апамыз.

Зекен Ысқақова, зейнеткер:

Бір жыл бұрын естідім жаңа үйірме ашылыпты деп. Марғұлан 102. Енді сол үйірмеге келдім. Мына үйірмеге мен литературный кружокқа барамын. Рисованияға барамын. Сол уақыт жоқ. Тәңертенгі 8 ден кеші 6 ға дейін сенбі жексенбіден басқа.

Үйірме қатысушыларының күн тәртібі сағатына дейін  жазылған. Бірі тоқыма үйірмесіне барса, енді бірі ән айтып, салауатты өмір салтын ұстанып, марафонда  жүгіреді. 68 жастағы Нұрлан Қасен спортпен шұғылданғанды ұнатады.   

Нұрлан Қасен,  зейнеткер:

Долголетие келгенімен әжептәуірр жыл болды. Керемет спортпен шұғылданып жүремін. Өзім 3 марафон жүгірдім. 42 км Алматыдан. Полумарафон жүгіріп тастадым. Жүзу, жарыстармен қатысып жүремін. Центрге келгенім өзім денсаулығын сақтау үшін.

Орталықта  – скандинавиялық серуендеу клубы жұмыс істейді. Онда 60-80 жас аралығындағы зейнеткерлер барады.  Жаңадан бастаушылар 2-3 шақырым қашықтықтан бастайды. Кейін 12 шақырым жерге дейін ұзартылады.

 

Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
17:14, 15 тамыз 2022
Мерғалым ата ауылында қонақ үй кешені салынуда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
19:09, 10 тамыз 2022
Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Толығырақ...