ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЯНАУЫЛДАҒЫ ЕҢ СОҢҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

19:36, 19 ақпан 2021

Бүгін өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ері, Ұлы Отан соғысының майдангері Мағаз Бірімжанов 97 жасында дүниеден озды. Қой өсіруде рекордтық көсеткіштер көрсетіп, ел экономикасын өркендетуге елеулі үлес қосқан қайраткердің әділдікпен аты шыққан сом тұлғасы жайлы Гүлсара Мәлікованың репортажы.

Екі ғасырдың куәсі, қиын заманда дүниеге келіп ашаршылық, соғыс тәрізді зұлматтарды басынан кешірген Мағаз Бірімжанұлының кіндік қаны тамған жер Баянауылдың әулиелі Қызылтауы. 1924 жылы туған болашақ батыр әкеден ерте айрылып, анасы мен өзінен кейінгі үш бауырының тірегі болды. Алайда, 18-ге толмай майданға аттанған бозбала жаумен айқасып 4 рет жарақаттанады. 

Баянбек Бірімжанов, Мағаз Бірімжановтың ұлы:

Украинада болғанда  бірінші Кечмет қаласын азат еткендегі алған ерлігі үшін медалі, екінші медалі сол Украин территориясындағы Дюльма деген қаланы азат еткені үшін. (сол жердегі тіл дейді. Өздері бір взводтың жігіттері 10 жігіт сондағы ұстағандарымен  бәріне сол  екінші ерен еңбегін  тіл әкелген бір офицер 30 шақты солдатты тұтқынға ұстаған. Сондағы ерлігі.

Бейбіт өмірге оралған соң Мағаз Бірімжанұлы Белағаш ауылында  60 жыл қой бағып, ерен  еңбектің үлгісін көрсетті. Шопан Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінен 5 рет медаль алған санаулы қазақтардың қатарында.  Оралбек Қожановтың ұсынған ғылыми экспериментімен қыстың күні қой төлдетіп тәжірибені сәтті орындап шықты. Алайда адал еңбек, маңдай тердің өтеуімен келген абыройын ол ешқашан арзан атаққа алмастырған емес.

Қоңыртай Әлжанова, Мағаз Бірімжановтың  жары:

Ол кезде жазда қоздатқандарға көбейтіп қозы қосады екінші бір отардан әкеліп содан біз қыс қоздатып жүзіне 110-нан қозы алдық. Енді қазақи қойдан одан артық қозы тумайды. Сосын бұл кісіге біз солай ұсынып жүрміз сізге де әкеліп қозы қоссақ қайтеді деді. Бұл кісі жоқ қарағым ондай болса геройлығың өзіңе. Мен ананың қозысын әкеліп герой алып менің қозыммен герой болдың дегенше мен онан да болмай-ақ қояйын, менің өзімнің қыс қоздатып берген қозымның өнімі геройдың геройы деді бағаласаңдар.

Осылайша билік қанша қолқаласа да, өтірікке жаны қас адал жан келіп тұрған «Еңбек ері» атағынан бас тартты. Бұл Мағаз Бірімжанұлының  әділдігі туралы бір ғана мысал. Баянауыл өлкесінде ата туралы аңыз да, әңгіме де көп. Бәрі де еңбек ерінің адалдығы мен әділдігі, турашылдығы мен еңбекқорлығы, мәрттігі мен батырлығы жайлы езуге күлкі ала отырып тыңдайтын, ұрпаққа үлгі болар оқиғалар.  

Қоңыртай Әлжанова, Мағаз Бірімжановтың  жары:

Болмай атқан нәрселерді басшыларға қатты айтады. Сен істей алмай атсыңдар өйтіп атсыңдар, бүйтіп атсыңдар анау мынау деп «айтпа» десең болмайды «жоқ оны айтып қою керек есінде жүрсін» деп. Мәке деп мәймөңкелеп келсе басшылар оның бәрін  жек көреді нағыл деп тұрсың деп өзіне бас салады. 

Абыз ақсақал 94-ке келгенше аттан түспеді. Жас кезінде оның  таудан тұлпармен шауып түсетін өнеріне ел таң қалатын. Даңққа да, дүниеге де қызықпай қарапайым ғұмыр кешкен аяулы жанның артында 8 баласынан тараған ұрпағы ғана емес, «Әділетті, шыншыл Мағаз» деген  халық берген абыройлы аты қалды.

 

Гүлсара Мәлікова

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...