ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Басқарма ветеринарларға жалақы төленеді деп сендірді

21:41, 8 қыркүйек 2021

Күні кеше Павлодар, Баянауыл және Ертіс ауданының ветеринарлары талай жыл қызмет етіп жүрген жұмысымыздан қуылдық. Екі айдан аса адал тапқан еңбекақыларымызды ала алмай жүрміз деп арнамызға шағымданған еді. Тіпті жауапты басқарма үнемі қысым көрсететінін айтқан. Мәселеге бұқаралық ақпарат құралдары араласқан соң, жауапты басқарма басшысы былай деп уәжін айтты.

Қайыржан Байжанов, ветеринария басқармасының басшысы:

Оларды ешкім жұмыстан қуған жоқ. Бұл біріншіден. Екіншіден, заң бойынша олардың тәртіптік жазалары бар. Сол бойынша олар жұмыстан босатылды. Бірақ барлық рәсімдер дұрын жүргізілмей, оларды қайта жұмыстарына алдық.

Ветеринарлар тіпті маңдай терімен тапқан адал еңбекақыларын екі айдан аса уақыт ала алмай отыр. Жауапты басқармадан қайыр болмаған соң, енді олар аймақ басшысына жеке хат жазуға шешім қабылдады.

Қайыржан Байжанов, ветеринария басқармасының басшысы:

Қаражатты олар басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Бірінші, жалақыларын төлеу керек. Содан кейін салық, МӘМС төлемдерін төлеу керек. Бұдан кейін ғана қалған мақсаттарға жіберуі керек.

Қайыржан Байжанов келесі аптада бюджеттен 140 млн теңге бөлінетінін айтты. Сол кезде барлық ветеринарлар айлығын алады деп сендірді.

Штат бойынша аудандық ветеринариялық станцияларда 547 ветфельдшер мен ветсанитар, ал ветеринария басқармасында 39 адам жұмыс істеуі тиіс. Бірақ жалақының тым төмен болуына байланысты аудандарда 13 және басқармада 3 маман жетіспейді.         

Естеріңізде болса,  мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында мал дәрігерлерінің тиімді жұмысы малдың денсаулығы мен өнімділігіне септігін тигізетінін, бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондықтан аталмыш салада кадрлар даярлап, жалақыны арттыруды тапсырған еді.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды
12:27, 15 қазан 2021
Композитордың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылд...
Толығырақ...