ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАНКЕТ ЗАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАЙТА РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ

20:03, 1 сәуір 2021

Павлодар облысында балалар ойын-сауық орталықтары мен бильярд орындарының жұмысына рұқсат етілді. Дегенмен бір уақытта адам саны 50-ден аспауы тиіс. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысына тағы қандай өзгерістер енгізілді?

Павлодар облысы екі апта бұрын жасыл аймаққа өтті. Өңірде індет бәсеңдеп барады. Өткен тәулікте 17 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

Қазіргі таңда облыс ішінде үш аудан сары аймақта: Тереңкөл, Аққулы және Павлодар ауданы. Басқалар жасыл аймақта.

Қаулыға сәйкес, балалар ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат етілді. Бірақ бір уақытта адам саны 50-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, күшейтілген санитарлық талапты сақтай отырып, ашық ауадағы аттракциондар да жұмыс істей алады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері: Толымдылығын 30% асырмай, адам санын 50-ден асырмай жабдықтарды өткізуге рұқсат берілді. Жабдықтарды өткізу үшін банкет залдардың қызметіне рұқсат берілді.

Бірақ, айта кету керек, той-томалақ жасауға рұқсат жоқ. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, облыстың қала-аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің жұмысы қайта жанданады.

Батырбек Әлиев, облыстың бас санитарлық дәрігері: Қызметкерлердің 30%-ы қашықтықтан жұмыс істейді. Сауналар уақыты шектелмей жұмыс істейді. Мәдениет нысандарында 50 адамнан аспайтын жағдайда дайындықтарға рұқсат беріледі.  Және де тағы басқа жеңілдетілген шаралар енгізілді. Толымдылығы 20% асырмай көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді.

Театрлар, кинотеатрлар мен концерт залдары көрермендерді 30% - ға дейін қабылдай бастайды. Бұған дейін 20%-дан аспайтын. Сондай-ақ, ұзақ үзілістен кейін алғаш рет бильярд орындары іске қосылады. Жаңа қаулы 2 сәуірде сағат түнгі 00:00-ден бастап күшіне енеді.

 

Аяулым Рахымжанова

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...