ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Балалық шақтың аспаны

20:08, 12 мамыр 2022

Павлодардағы оқушылар сарайында балалар жылына орай «Балалық шақтың аспаны» атты фестиваль өтті. Оған қала мектептерінен оқушылар қатысты.

Салтанатты шара білім беру басқармасының ұйымдастыруымен  өтті. 500 ге жуық оқушы театрландырылған көрініс қойып, ән айтып,  би биледі.

Бекбатыр Айтмахан, білім беру басқармасының бөлім басшысы:
Бүгінгі іс шараның мақсаты бүлдіршін балаларға мерекенің иісін сездіру. Балалар өмірімздің ең басты құндылығымыз. Соларға арнап осындай іс шара өткізіп жатырмыз. Бүгінгі іс шарада оқушылар сарайының би ансамльінің өнер көрсетіп жатыр.

2022 жыл балалар жылы болып жарияланды. Осы бағытта көптеген шаралар  ұйымдастырылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі өткен фестиваль іс шаралардың  тұсау кесері іспеттес. Оқушылар мол әсер алды.

Диляра Шахметова, 6 сынып оқушысы:

Бүгінгі мереке маған қатты ұнады. Балалар өте көп. Балаларға тілейтінім көп бақыт, мықты денсаулық.

Інжу Аипова, 3 сынып оқушысы:

Бүгін мен балаларға арналған фестивальге қатыстым. Бұл жерде біз ән айтып, би биледік. Маған мына фестиваль өте ұнады. Барлық балалар бақытты болсын.

Фестивальдің екінші кезеңінде көңілді балалық эстафетасы өтті. Онда оқушылар көпшілікке ғылыми жобаларымен таныстырды.

 
Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
20:37, 20 мамыр 2022
Құрылыс құжаттарында кемшілік табылмады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:32, 20 мамыр 2022
Өңірде 149 сотталушыға рақымшылық жасалды
Толығырақ...