ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР НЕГЕ КІТАП ОҚЫМАЙДЫ?

18:13, 2 сәуір 2021

2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы. Осы ретте бүгін Сүлеймен Баязитов атындағы оқу орталығында баспасөз конференциясы өтті. Онда балалар шығармашылығын қолдау мақсатында қандай жұмыстардың атқарылып жатқандығы сөз етілді. Сондай-ақ, әлі де қандай шаралар жетіспейді?

Қазіргі уақытта қолына кітап алған баланы көрмейтін болдық. Оның орнын көгілдір экран мен смартфондар жаулап алды. Балалар ертегі, әңгімені осыннан көріп тыңдайтын болды.  Заман талабы делік, алайда кітап оқудың маңыздылығы ешқашан өзгермейді, деп отыр әдебиеттанушылар.

Бақытгүл Қапасова, профессор:

Технология қанша өркендеп кетсе де кітаптың беретін ешкім бере алмайды. Кітаптан оқу мүлдем басқа. Сезімге берілу. Кітаптың беретіні үлкен.  Бұл кітаптың сұраныста бар екендігі.

Биылғы жылдың Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы деп бекітілуі де сондықтан. Кітап оқуға деген қызығушылықты ояту арқылы мәдениетті арттыру керек.

Ардақ Жұмағалиева, Екібастұз орталық кітапханасының кітапханашысы:

Мен енді кітапханашы ретінде балалардың кітап оқуға деген құштарылғыны бәсеңдеу екенін білемін. Балалрды кінәлауға болмайды. Ересектер кінәсі бар. балалаларға арналған ертегілер, әңгімелер жазылған жоқ.

Осы ретте бүгінгі дөңгелек үстелде  балаларға арналған қазақ тіліндегі кітаптарды аудиокітап ретінде шығару ұсынылды. Одан бөлек, биыл Сүлеймен Баязитовқа арналған вэб-ресурс жасалынып, «Балаға кітап сыйла» атты акциясын өткізу жоспарлануда. Өзіміздің оқырмандарымыз мен қала тұрғындары балаларға арналған кітаптарды осы жерге әкеліп тапсыра алады, деді облыстық кітапхананың басшысы Шолпан Шахметова. «Тәрбие тал бесіктен» демекші, кітап оқу мәдениетін үйде қалыптастыру маңызды. Үйде ата әжесінің, ата анасының кітап бетін ашқанын көрген  бала соған әуестенеді.

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

  МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
19:56, 8 сәуір 2021
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ҚАРАЛАДЫ
Толығырақ...