ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Балалар алаңы орнатылды

17:46, 4 шілде 2022

Железин ауданының тұрғындары аудан әкімінің есеп беру жиналасында балалар алаңы жоқ екенін айтқан. Ауыл халқының өтініші орындалды. Аудан орталығынан бір жарым шақырым жерде орналасқан ауылда халық игілігі үшін алаң қолданысқа берілді.

Балалардың бос уақытын қамту басты мәселелердің бірі. Аудан орталығынан бір жарым шақырым жерде заманауи балалар алаңы орнатылды. Ойын алаңқайын жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен салып беріпті.

Қанат Айсақов, Железин ауылдық округінің әкімі:

Бұл аудан орталағынан 1,5 шақырым жерде орналасқан шағын ауыл. Бұрын соңды осы жерде балалар алаңы болмаған еді. Енді ауданның кәсіпкерлері арқасында ойын алаңы бой көтерді. Шаруа қожалығының басшысына алғысымызды білдіреміз. Балалар енді бос уақытын осында келіп өткізеді.

Сондай-ақ, жеткіншектердің спортпен шұғылдануына да мүмкіндік жасалған.  Жас ана Серғалы Дауытова осында бүлдіршіндерін әкеліп, ойнатады. Ауылға осындай алаңның салынғанына дән риза.

Серғалы Дауытова, ауыл тұрғыны:

Алаң өте ұнайды. Балаларым осында  келіп  тәңертеннен ойнайды. Балалар көп күтті.. Бұрын орталыққа барып ойнайтын.

Ойын алаңы балғындардың сүйікті орнына айналды. Кәсіпкердің қолдауымен қысқа уақыт ішінде  жоспар құрылып, жоба бойынша арнайы жер бөлінді.  Ойын алаңының құны 10 млн теңге.


Әйгерім Тоқпанқызы

Тақырып бойынша материалдар

Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
17:39, 8 тамыз 2022
Ақбөкен атқаны үшін 3000 аек мөлшерінде айыппұл салынады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
17:08, 5 тамыз 2022
Павлодарлық жасөспірімдер олжалы оралды
Толығырақ...