ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАҒА ОРЫН БРОНДАУ БАСТАЛАДЫ

12:58, 14 мамыр 2020

Жақын күндері қалалық білім бөлімінің ресми сайтына балабақшадағы орынды алдын ала брондау кестесі салынады. Яғни, енді ата-аналар өздеріне қажетті балабақшаны шаһарда бөлінген 6 мөлтек ауданнан таңдай алады. Жүйе қалай жұмыс істейді?

20-мамырдан бастап балабақшадағы орындарды алдын ала брондау басталады. Сондықтан, ата-аналар балаларына қыркүйекке дейін бақшадан орын алып үлгеруі үшін ертерек қамдануы тиіс. Осы ретте, қаладағы мектепке дейінгі мекемелер 6 ірі мөлтек ауданға бөлінді. Олардың кестесі  сайтқа салынады.

Бақыт Қырықбесова, Павлодар қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

Ата-аналарға ыңғайлы болу үшін, барлық балабақшалар 6 ірі мөлтек ауданға бөлінді. Әр ауданға 12-13 балабақша кіреді.  Әр аудан кестеге сәйкес қосылып, жұмыс жасайды. Қалалық білім бөлімінің сайтында, бөлімнің инстаграмда ресми парақшасында, indigo24.kz. сайтында балабақшаларды алдын ала брондау кестесі салынады. Ата-аналар сайттарға кіріп сонда кестемен таныса алады. 

Биыл шаһардағы бақшалардан 5000 бүлдіршін мектепке барады. Демек, дәл осынша орын босайды деген сөз. 132 топ жинау жоспарланып отыр. 14  бөбектер тобы құрылады. Оған 1 мен 2 жастағы сәбилер барады.  

Бақыт Қырықбесова, Павлодар қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі:

Яғни, ерте топқа 1-2 жас, кіші топқа 2-3 жас, орта топқа 3-4 жас, ересек топқа 4-5 жас, ал мектепалды дайындық тобына 5-6 жас аралығындағы балалар барады.Топқа балаларды қабылдау баланың 1-қыркүйектегі толық жасына сәйкес жүргізіледі.

Естеріңізге салайық, ата-аналар балабақшадағы орынды брондау үшін indigo24.kz. сайтына кіру керек. Алдын ала брондау таңғы сағат жетіде ашылады. Қиындық туындамас үшін жеке кабинеттегі  мәліметтерді алдын ала тексеріп тұрған дұрыс, дейді мамандар.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар