ШҰҒЫЛ! ЖАППАЙ ВАКЦИНА САЛУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

Бала қауіпсіздігі - бәрінен маңызды

22:34, 8 маусым 2021

Балалардың жайлы демалысымен қатар олардың қауіпсіздігі басты назарда. Осыған орай, «Күншуақ» жазғы лагерьіндегі балаларға өрт, су қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету сынды шеберлік сағаттары өткізілді.

Бүгін Павлодар қаласының № 19 жалпы білім беру орта мектебінің «Күншуақ» жазғы лагерінде «Қауіпсіздік күні» өтті. Бұл іс-шараға 1-4 сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Шараға арнайы келген мамандар балаларға пайдалы ақпарат берді.

Дана Серимбаева, № 19 ЖОББМ директорының орынбасары:

Жазғы демалыс басталысымен мектеп оқушыларының бос уақыты көбейеді. Балалар көп уақытын көшеде өткізеді. Үйлерінде көбінесе ата-анасыз қалады. Бұл жерде мәселе олардың қауіпсіздігі туралы болып отыр.

Аталмыш іс-шараның мақсаты- төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережерелерін сақтауға шақыру.

Гүлнәр Исақанова, «Қызыл жарты ай» ҚБ ПОФ төрайымы:

Өздерінің станцияларында балаларға өз ережелерін, өздері өздерін қалай суда сақтау керек, қалай пожар өрт болған кезде қалай сақтау керек.Қайда звондау керек. қандай іс шара қолдану керек. соның бәрін үйретіп жатыр.

Бүгінгі іс-шарада балаларға 4 алаң ұйымдастырылды: төтенше жағдайлар бөлімі, полиция департаменті, су құтқару станциясы және «Қызыл жарты ай» қоғамдық қорының волонтерлары. Әр алаңның адамдары өз қызметтері бойынша балаларға қауіпсіздік жайында мәлімет беріп, оны іс жүзінде көрсетті.

Ерасыл Қамзин, 4 сынып оқушысы:

Су қоймаларда ересек адамдарсыз жалғыз жүруге болмайды. Ол өте қауіпті. Жолда жүргенде басты оңға-солға бұрып, машиналар тоқтағанда, байқап өту керек. Үйде сіріңкемен ойнауға, үтікпен ойнауға, үтікті қосуға болмайды. Ол өрт тудыруы мүмкін.

Бұндай іс-шара балалар болашағы үшін өте маңызды. Естеріңізге салып өтейік, биыл облыс бойынша 700 жазғы лагерь жұмыс істейді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы

Тақырып бойынша материалдар

Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
19:33, 3 тамыз 2021
Қаланы жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде
Толығырақ...
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
19:28, 3 тамыз 2021
Өнер тарланы Сейітжан Тәжібаев өмірден озды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Серік Теміржанов олимпиадада  1/8 финалға шықты
15:41, 28 шілде 2021
Серік Теміржанов олимпиадада 1/8 финалға шықты
Толығырақ...