ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

18:00, 22 маусым 2022

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл ел бойынша 5 мың отбасыға баспана берілмек. Бұл үшін мемлекет қазынасынан 51 млдр теңге бөлініп отыр. Осы аптадан бастап бағдарламаға қатысу үшін өтініш сайт арқылы онлайн қабылданып жатыр.

«Бақытты отбасы» арқылы баспана алуға тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдік есебінде тұрған азаматтар қатыса алады. Бұл көпбалалы немесе мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған жанұя және толық емес отбасылар. Шарт бойынша ипотека 2% жылдық мөлшерлемемен 20 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарна 10%.

Арман Нұрғаламов, «Отбасы банкі» АҚ бизнес дамыту бөлімінің басшысы:

Өтінімдер 19 шілдеге дейін қабылданады. Кейін екі тізім тағайындалады. Негізгі тізім және резервтік тізім. Негізгі тізім 19 шілдеден кейін еңбекақыларын тексереміз, мысалы 10 адам өтпей қалса, келесі резервтегі адамдардан шақырамыз.

«Бақытты отбасымен» үй алу үшін Отбасы банкінің ресми сайтына электронды өтініш беру керек. Бұдан кейін сізге банк қызметкері қоңырау шалады. Белгіленген күні қажетті құжатты жинап, банк бөлімшесіне бару қажет. Өткен жылы өтінім берген, алайда баспана алмаған азаматтар биыл өтінімді қайта беруі қажет.

Арман Нұрғаламов, «Отбасы банкі» АҚ бизнес дамыту бөлімінің басшысы:

Сондай-ақ кезекте тұру керек. Осы бағдарлама бойынша екінші деңгейдегі пәтерді сатып алуға болады. Үш жылдың ішінде осы бағдарлама бойынша 700 адам үй сатып алды. Жыл сайын осы бағдарлама бойынша 2 млрд астам қаражат бөлінеді.

Биыл бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде Отбасы банкке 51 млрд теңге қаражат түсті. Осы жылы лимиттерді бағдарламаға қатысушылар арасында бөлу кезінде басымдық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берілмек. Мамандардың сөзінше, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында баспананы 15 млн теңгеге дейін, Павлодар облысы мен басқа өңірлерде 10 млн теңгеге дейін сатып алуға болады. Айта кетейік, бүгінге дейін бағдарлама арқылы 14 500 қазақстандық баспаналы болды.

 

Аяулым Рахымжанова

Тақырып бойынша материалдар

Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
09:27, 6 шілде 2022
Белсенді өмір сүру орталығының есеп беру концерті өтті
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
10:18, 4 шілде 2022
Еліміздің ең үздік мемлекеттік қызметшсі
Толығырақ...