ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

БАҒДАРЛАМА ӘЛЕУЕТІ

21:01, 5 тамыз 2020

Жетекші ауылында жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінде іргетасы қаланып болды. Енді негізгі жұмыстар қалды.

Мектепке қосымша салынып жатқан ғимарат 400 орынға арналған. Оның 100-і шағын орталыққа тиесілі. Жаңадан бой көтеріп жатқан нысан 3 блоктан тұрады. Біріншісі – шағын орталық, екінші – спорт залы мен асхана және акт залы,  ал үшінші бөлігі оқу ғимараты. Бұған бюджеттен 1 млрд 376 млн теңге қаржы бөлінген.

Есімхан Құрмантаев, Жетекші ауылының әкімі:

Осы 2020 жылда Жетекші ауылдық мектебіне қосымша 300 орындық және мектепке дейінгі балаларға арналған кіші орталық, 100 орынға басталды. Үш бөліктен тұрады. Жұмысы осы 2021 жылы бітеді.

Нысан құрылысы аяқталған соң, барлық керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Мектеп ауласы абаттандырылып, футбол алаңын салу жоспарланып отыр.

Дәурен Аймұханов, қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

Мектеп толықтай жаңа, заманауи құрылғылармен жабдықталады. Жиһаздары, интерактивті тақта, компьютерлер барлығы жаңадан қойылады. Қазіргі таңда құрылыс қарқыны жаман емес. Барлығы жеткілікті.

Айта кету керек, барлық құрылыс заттары отандық өнім. Яғни, Павлодар өңірінде жасалған құрылыс заттары. Жоспар бойынша нысан 15 айдың ішінде аяқталуы тиіс. Мердігер ұйым өкілдерінің сөзінше ешқандай кешігу болып жатқан жоқ.

Елеусіз Қарағаев, құрылыс учаскесінің басшысы:

Уақытымен бітіреміз деп ойлаймыз. Енді балаларды қуанту керек. Ар жағында котельныйды бастадық. Тепло, водопроводты бітірдік. Енді қазір қабырғасын көтергеннен кейін еачнем благоустройству.

Қазіргі уақытта елді-мекендегі ескі мектеп ғимаратында 400 бала екі ауысыммен білім алатын. Мектептегі орын санының жетіспеушілігінен жартысы облыс орталығына барып оқып жүріпті. Жетекші ауылында бұдан бөлек ауқымды спорт кешенінің құрылысы да жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 920 млн теңге қаражатқа таза ауыз су тарту жұмыстары басталған.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...