ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Азық-түлік бағасы қалтаны қағып отыр

21:54, 24 мамыр 2022

Павлодарлықтар азық-түлік бағасының қымбаттауы әжептеуір қалтаны қағып отыр дейді. Ай сайын кірген кірістің 80 пайызға жуығы азық-түлікке кетеді екен. Ал, дүкендерді әлеуметтік азық-түлікпен қамтып отырған тұрақтандыру қоры баға статистикалық көрсеткіштерге байланысты көтеріледі деп отыр.

Тағы баға төңірегінде. Азық түлік бағасы күн санап қымбаттап жатыр. Тұрғындар болса әр ай сайын азық түлікке кірістің 50-90 пайызына дейін жұмсаймыз деп отыр.

Павлодар облысындағы дүкендердің бірқатарын тұрақтандыру қоры әлеуметтік азық-түлікпен қамтамасыз ететіні белгілі. Қазіргі таңда қорда тауардың 12 түрі бойынша өнімнің 5100 тоннасы бар. 

Қанат Абдуалиев, «Павлодар» ӘКК департамент директоры:

Жыл басынан бері 444 тонна ұн жүзеге асырылды. Қазіргі таңда 1741 тонна ұн қоймада артығымен сақтаулы. Ұнға қатысты ешқандай дүрлігу байқалмайды. Ұнды жергілікті «Жандос» ЖШС жеткізеді. Ертең тағы бірнеше көлік келеді.

Ал, қантқа келсек, бүгінде 365 тоннасы бар. Тағы 412 тоннасы жолда. Осы ретте әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясындағылар қанттың бағасы біраз елді дүрліктіріп қойғанын мойындайды.   

Қанат Абдуалиев, «Павлодар» ӘКК департамент директоры:

Отандық Тараз қант зауытынан жеткізіледі. Қоймада 365 тонна бар. Күні кеше ғана тағы бір вагон 68 тонна қант жеткізілді. Айдың соңына дейін қосымша 5 вагон келеді деп жоспарлануда. Бізбен келісімшартта отырған дүкендерге жеткізіледі. Біз сатушыларға шектеу қоймаймыз. Біз тек  дүкендерге қантты  апарып береміз. Ал, бір қолға қанша келіден беретінін олар өздері шешеді. Қазір дүкендерге қантты 335 теңгеден жібереміз. Олар келісіне 369 теңгеден асырмауы тиіс. 

Осылайша азық-түлік бағасының қымбаттағаны халықтың қалтасын қағып отыр.   Қанттың өзі 100 теңгеге бір-ақ көтерілген.  

Қанат Абдуалиев, «Павлодар» ӘКК департамент директоры:

Биыл әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің бағасы 24 мамырда қымбаттады. Мәселен қант 240 теңгеден жіберілсе, қазір келісіне 335 теңгеде сатылады. Яғни әлеуметтік маңыздағы барлық тауарлар қымбаттады деуге болады.

Сонымен, қазір тұрақтандыру қорында күріш, сұйық май, қарақұмық, тұз, макарон өнімдері, картоп,  сәбіз, пияз, сүт өнімдері бар. Ал, бір ай бұрын ғана халық көптеп шағымданған орамжапырақ енді тұрақтандыру қорынан жіберілмейді.  

Қанат Абдуалиев, «Павлодар» ӘКК департамент директоры:

Біз Түркістан облысы Сарыағаштан соңғы рет  қырыққабат алдық. Қазір баға төмендеді. Әзірге қоймада орамжапырақ жоқ. Картоп пен сәбізге келсек, жергілікті тауар өндірушімен келісімшартқа қол қойдық. Өткен аптада әкелінді. 105 теңгеден жүзеге асырдық, 115 теңгеден дүкендер сатуы тиіс.

Жыл басынан бері тұрақтандыру қоймасынан 934 млн теңгенің 3588 тонна өнімі дүкенлерге жіберілді. Сауда нүктелерінде қант, ұн, күріш, қарақұмық жармасына сұраныс жоғары көрінеді.  

 

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар