ШҰҒЫЛ! Өзгерістер жолдауы Толығырақ

Автожолдарды жөндеу жұмыстары

20:28, 20 мамыр 2022

Өңірдегі тас жолдардың 93 % қанағаттанарлық жағдайда. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының мамандары брифинг барысында айтты.

Павлодар облысындағы тас жолдардың жалпы ұзындығы 3 842 шақырымды құрайды. Биылғы жылы 9,2 млрд теңгеге 27 жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 253 шақырымды қамтиды.

Нариман Омар, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Жоспардағы 253 шақырымның 60 пайыздан астамына қиыршық тастар төселді. Қазіргі таңда 27 жобаның 3-де жұмыстар толықтай аяқталды. Қалған 23-де жұмыс қарқынды. Ал, біреуінде әлі байқау жүріп жатыр. салынып жатқан жолдың сапасы жий-жиі тексеріліп тұрады.

Ал, өңірдегі республикалық маңызы бар тас жолдардың жалпы ұзындағы 1 663 шақырым. Оның 1 373 шақырымы жақсы деңгейде. Сонымен қатар, спикер өз сөзінде Кенжекөл ауылы маңында жаяу жүргіншілер жолағын жасау да көзделгенін атап өтті. Тіпті, эколог мамандармен де келісім жасалған.

Ермұрат Нұрханов облыс орталығының шығыс айналмасында яғни, Кенжекөл маңындағы көпір мен павлодар-Шарбақты тас жолын жалғайтын бөлік те ретке келтірілмек.

Павлодар өңірінде тас жолдарды қалыпқа келтіру үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Атап айтсақ, 19 асфальт-бетон зауыты, 8 қиыршық тас карьері, сондай-ақ битун өндіретін кәсіпорындар бар. Және жол сапасын тексеретін 5 бірдей лаборатория да жұмыс істейді.

 

Зұлқарнай Ермұратұлы, Мурат Абилмажит

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар