ШҰҒЫЛ! Шектеу шаралары күшейтілді Толығырақ

АВТОХҚКО жұмысын бастады

10:17, 13 қаңтар 2022

Бүгіннен бастап автокөлік иелеріне мемлекеттік қызметтер көрсететін мамандандырылған ХҚО жұмыс істей бастады. Енді жүргізушілер орталықтан тиісті мемлекеттік қызметтерді ала алады. Мамандар кей қызметтерді онлайн түрде де алуға болатынын еске салады.

Арай Қамарова, «Азаматтарға арналған үкімет» МК ПОФ директорының орынбасары:

Қазір барлық мемлекеттік қызметтер көрсетіліп жатыр.   Бүгін халық көп болады деп күттік, алайда тұрғындар біртіндеп келіп жатыр. Сондай-ақ, автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламын. Онда жүргізуші куәлігін ауыстыру, теориялық емтиханды өту, практикалық емтиханды өту, көліктерді қайта өңдеу, автокөлікті есепке алу қызметтері ұсынылады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Павлодар облыстық филиалының мәліметі бойынша,  мамандандырылыған халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Еске сала кетейік, өңірде енгізілген ТЖ-ға байланысты автоХҚО-лары уақытша жұмыс істемеген еді. Ал, қазір барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары ашық.  

Самал Қалиқызы

Тақырып бойынша материалдар

Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
19:40, 21 қаңтар 2022
Жәрмеңкедегі азық-түлік бағасы 15-20 % төмен
Толығырақ...
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
19:31, 21 қаңтар 2022
Салық және кеден тексерулері уақытша тоқтатылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
20:09, 17 қаңтар 2022
Медицина қызметкерлері Pfizer вакцинасын салдырды
Толығырақ...